Өлеңдер бөлімі

Кенгуру

Кенгуру — қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануар. 15-17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25-160 см, құйрығының ұзындығы 15-105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1,4-90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Австралияда, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Бисмарк архипелагында таралған. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар. Өсімдікпен қоректенеді, бірақ кейбір түрі құрт, жәндікті де жейді. Жылына 1 рет 1-2 күшік туады да, оны бауырындағы қалтасына салып, 6-8 ай асырайды. Көп тараған жерде мал жайылымына, егінге зиян келтіруі мүмкін. Терісі мен еті және хайуанханалар үшін ауланады. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру бар. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...