Өлең, жыр, ақындар

Вербалды ым нені білдіруі мүмкін?

Барлық вербалды ымды түсінуге тырысудың қажеті шамалы, себебі олардың кейбірі адамның басым бөлігіне емес, тек жеке адамға тән дара қимыл-қозғалыстар болуы  да мүмкін. Біз адамдардың көбі қолданатын, эмоционалдық мәні бойынша ұқсастарына тоқтала кетуді жөн санадық.

Жалпы ым нені білдіреді?

Ымды белсенді қолдану — көбіне эмоциялардың оң спектріне жатады және әңгімелесушілер оны достық қарым-қатынасты көрсету тәсілі ретінде қабылдайды.

Ымды тым белсенді қолдану — адамды бірдеңе мазалағанда сезімдерін қимыл арқылы білдіреді немесе қимылдарды шамадан тыс пайдалану — өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді.

Басқалардың ымдарын талдау кезіндегі ең басты ерекшелік, олардың ымдарын саналы және саналы емес деп бөліңіз, өйткені саналы (әдейі) жасалған іс-әрекеттер адамның жай-күйі туралы ақпарат бере алмайды.

Ымдардың нені білдіретінін нақты мысалдардың көмегімен қарастырайық   

Алақаны ашық және сізге бағытталған — оппоненттің сөзіне сенуге болады, оның көңілі пәк.

Жұдырық түйю — қауіпті қимыл, адам қатты толқыныста, немесе агрессивті күйде екенін білдіреді (жұдырықтың бұлшықеті неғұрлым   жиырылған сайын, эмоциясы да соғұрлым күшейе түседі) 

Сөйлеу барысында ауызды бокалмен немесе қолмен қалқалау — бұл қимылға байланысты қарама-қайшы қорытындылар жасауға болады, жағымды тұсы — сөйлеушінің сізге «құпия» ақпаратты сеніп айтуы, бейтарап тұсы — таңдану, ал жағымысз жағынан — адам айтқан сөзіне сенімді емес немесе мүлдем өтірік айтатынын білдіреді. Ал соңғы нұсқа, адам ерінге қарап оқитындардан айтқан сөзін жасырып қалу мақсатында аузын қалқалауы да мүмкін.

Саусақтарын мұрнына тигізу немесе жай ғана мұрынды қасу — ақпаратқа байланысты қандай да бір күмәнінің болуын (өзінен немесе сұхбаттасушыдан шығатын), сөзінің жалған болуын, немесе дау барысында жаңа бір дәлелдер туралы ойлауын меңзейді. 

Қабақты саусақпен сүрту — өтірікті білдіреді, бірақ кей жағдайларда әріптесінің сөздеріне күмәнданудың белгісі және сұхбаттасушы жалған сөйлегенін сезуін білдіреді.

Басты қасу (құлақ, жақ, маңдай, самай) — бұл әрекет әңгімелесушінің сенімсіз позициясын, қобалжуын немесе ұялуын көрсетеді.

Иекті сипау — оппонент мәселедегі соңғы шешімін анықтап жатыр.

Қолдың тыным таппауы (үнемі киімге жанасу, қаламдарды ары-бері айналдыру) — бұлар да уайымды, қорқуды немесе мазасыз халді білдіретін ымдар, егер бұл күй сіздің мақсатыңыз болмаса, әңгімені басқа жаққа бұрған жөн болар.

Тырнағын ауызына апару — адамның бір нәрсе алаңдаулы екенін көрсетеді.

Алақанды шымшу процесі — оппонент агрессивті шабуылға өтуге дайын.

Денеге көлденең, қолмен жасалған әр түрлі қозғалыстар (жеңілгекті, манжеттердегі түймені ұстау, сағатты қозғалту) — әңгімелесуші өзінің мазасыздығын жасыруға тырысады.

Кенеттен киімнің түгін теру — оппонент сізді жаратпауын, жақтырмауын білдіреді.

Кедергі келтіре бастаған көйлектің жағасын мойыннан тарту — бір жағынан, әңгімелесуші өзінің өтірігі ашылды деп күдіктенуі мүмкін, ал екінші жағынан, әңгімелесушіні ашу кернеп, оттегінің жетіспеуін сезінгенін білдіруі мүмкін.

Көзілдіріктің имегін ауызға апару немесе әйнектерін сүрту — ойлануға бірер минут беруді, әңгімені сәл кідіруді үнсіз өтіну.

Көзілдірікті бірден шешу және оларды қатты беттің үстіне тастау (мысалы, үстелге) — жағдайдың тым шиеленісуі, сұхбаттасушы үшін әңгіме  жағымсыз, сәйкесінше арадағы диалог өте қиын әрі ауыр екендігін көрсететін ым.

Темекіні шетке қою немесе оны сөндіру — сұхбаттасушыңыз үшін аса бір қиын, қым-қуыт сәт.

Күлді тұрақты түрде және тым жиі қағып тастау — ішкі мазасыздықты, жағдайың қиындығын білдіреді.

Басты шетке немесе жанына қарай қарқынды ию — сіздің сұхбаттасушыңыздың айтары бар.

Маңдайға түскен кедергі келтіретін-мыс шашты үнемі артқа қайтару — оппоненттің жалпы мазасызық жағдайын көрсетеді.

Қоршаған жиһаздардан тіректі табуға деген ниет — сұхбаттасыңыз үшін әңгімелесудің жағымсыз әрі қиын сәті, адам жағдайдан қалай шығу керектігін білмейді (әңгімелесуші өзіне деген сенімділікті арттыру үшін саналы түрде айналасынан тіректі іздей бастайды).

Оқуға кеңес береміз:

Эмоционалдық интеллект деңгейінің төмендігін қалай анықтауға болады

Тартымдылығыңызды арттыруға көмектесетін 11 пайдалы кеңес


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар