Өлең, жыр, ақындар

Өтірікті дауыстан танудың 5 түрлі әдісі

Адамның жалған сөйлеп тұрғанын көптеген факторлар (мимика, ым, дене тұрысы, келбеті және т.б.) білдіріп қояды. Ал ең маңыздысы — дауыс пен сөйлеу ерекшеліктері. Ақпараттың белгілі бір фрагменттеріне акцент жасау (кідіріс, екпін, дауыс тембрі, интонация) шындықты жасыруға немесе бұрмалауға бағытталады. Ендеше, өтірікті қалай анықтауға болатынын ұғу үшін, осындай сәттерді қарастыра кетейік.

Шын — бір сөз,
Өтірік — мың сөз.

Мақал

Кідіріс

Адамның жалған сөйлеп тұрғанын дауысы арқылы қалай анықтауға болады? Әңгіме барысында кенеттен пайда болған кідіріс — оның сөздерін ойластырып жатқанын немесе өтірік айту үшін қажетті күш-жігер жинауын (өз-өзімен іштей күрес) көрсетеді. Сондай-ақ, бір буынның бірнеше рет қайталануын, дауыстағы дірілді жатқызуға болады. Жөтел де өтірік сөйлеудің өзіндік бір белгісі іспеттес: шындық бейне бір тілге жетпей, адамның тамағында тұрып қалғандай әсерде болады. Қарапайым ғана сұраққа жауап беру кезіндегі кідірістен сезіктену керек. Алайда кейде керісінше, ойлануға мәжбүр болатын жағдайларда тез жауап қайтару да өтірікті тануға көмектесе алады. Сонымен қатар, кідіріс шешендік өнердің тиімді тәсілі, сондықтан өтіріктегі кідіріс пен әсер үшін жасалған кідірістің ара-жігін ажырата білген жөн.

Жылдам сөйлеу

Жалған сөйлеп тұрған адам өтірігінің әшкере болатынынан қорқады, әрі өзінің позициясының тұрақсыз екенін білгендіктен, қосымша сұрақтардың пайда болуына жол бермеуге тырысады. Ол әңгімелесушіге ойлануға уақыт бермеу үшін тез сөйлеуге тырысады. Бірақ, әңгіме басқа арнаға ауысқан кезде, ол босаңсытып, өзіне үйреншікті сөйлесу мәнеріне бірден көше қояды. Ол тақырыптың ауысқанына қуанып,   алдындағы мәселеге қайта оралмауға тырысады.

Дауысты жоғарлату

Тек кідіріс қана емес, интонация, сөйлеу қарқыны, дауыс тембрі өтіріктің болуын айқындайтын белгілердің бірі болуы мүмкін. Өтірігінің әшкере болуынан қорыққан жағдайында адам дауысын көтеріңкіреп, әрі тез сөйлей бастайды. Ал әдеттегі жағдайда дауыстап сөйлейтін адам, жалған фактілерді хабарлағанда кенеттен дауысы бәсеңдей қалады. Жайбарақат, бір қалыпты сөйлеу әңгімелесушіні қырағылығынан айыруы мүмкін. Өтірікті жиі сөйлейтін жандар бұл әдісті жақсы біледі, әрі жиі қолданады. 

Айла-шарғымен құтылу

Оқиға мен жағдайдың мән-жағдайы туралы хабардың сипатының да маңызы зор. Егер әңгіме көмескі, түсініксіз болса, ал нақтылайтын сұрақтарға келгенде жауаптан жалтарып, құтылуға айла іздесе, онда хабарланған ақпараттағы өтіріктің ықтималдығы айтарлықтай жоғары болғаны. Адам әңгіменің өзіне жағымсыз тұсын айналып өткісі келеді. Бұған себеп оның ақпаратының болмауы немесе сол мезетте бір нәрсе ойлап табуға қиялы жетпейтін шығар, қалай дегенмен, ол тікелей жауап беруден басын ала қашады. Әңгіме барысында қажетсіз, елеулі емес және іске еш қатысы болмаған нәрселердің көп болуы, адамның өз сөздеріне салмақ беруге, яғни осындай сөздер арқылы әлдеқайда  сенімді көрінуге тырысатынын аңғартады. Бірақ, мұндай негізсіз ақпараттар әңгімелесушінің күмәнін тудырары анық.

Өзгеше мінез-құлық

Сондай-ақ әңгімеде әзілді көп қолдану немесе мысқылдау да өтірікшілерге тән нәрсе. Сонымен қатар, олар толыққанды, анық жауап бермейді, «мен алаяқтық емеспін» деудің орнына «мен емес» дейді, немесе керісінше, жағымсыз шындықты анықтауға мүмкіндік берместен, жағдайды шатастырып, шұбалаңқы жауап беруге тырысады.

Өтірікті анықтаудың жолдары көп, бірақ ешқайсысы де жүз пайыз анықтай алмайды. Барлық факторларды кешенді талдау керек және адамның әдеттегі мінез-құлқымен салыстыра отырып нәтиже шығарған абзал.

Оқуға кеңес береміз:

Шындық пен өтірік: Қалай ажыратуға болады?

Вербалды ым нені білдіруі мүмкін?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз