Эссе және өлең-жыр байқауы

20/80 қағидатын өмірде қалай қолдану керек

Италиялық экономист Вильфредо Парето бір күні өзінің бақшасына егілген бұршақтың 20% өнімнің 80% беретінін байқайды. Бұл оған жұмсалған күштің 20% нәтиженің 80% беретіні туралы ережені тұжырымдауына мүмкіндік берді. 20/80 қағидатын жұмыста ғана емес, өмірдің басқа салаларында да пайдалануға болады.

Бұл өндіріс пен бизнестің әрқилы салаларындағы қам-қарекеттің тиімділігі мен оңтайлылығн бағалауға болатын белгілі тәсілі.  

Компаниялар өзінің пайдасының 80% клиенттердің 20% түсетінін; сауда өкілдерінің 20% сатылымның 80% жауып отыратынын және құндылықтардың 20% шығындардың 80% кететінін жиі байқайды. Уақытқа қатысты да дәл солай: өнімділіктің 80%-на уақыттың 20% жұмсалады, пайданың 80% қызметкерлердің 20% табады. Мысалдарды тағы келтіре беруге болады.  

Әлбетте, цифрлар әрқашан 20/80 бола бермейді. 76/24 болуы, 83/17 болуы мүмкін, бірақ төртке бір арақатынасы үнемі байқалады.  

20/80 қағидаты бизнесте кеңінен қолданылады, бірақ оны күнделікті өмірде де, ең алдымен жұмыста, қолдануға болады.  

Қандай тірліктерге уақыңыздың 80% жұмсайсыз? Электронды почтаға ма? Мессенджерлерге ме? Бұл пайданың 20% ғана беретінін қаперіңізде ұстап, шынымен маңызды істерге сәп салыңыз. Ал еңбектегі қарекеттеріңіздің қай тұсы табысыңыздың 80% беріп отыр, басшылық тарапына керектігіңіз бен әріптестеріңіздің сый-құрметі ме?   

Мына сұрақтарға да жауап беріп көріңіз. Сіз бұрын бұны ешқашан есептеп көрмегендіктен ғана сұрақтар қыйын сияқты.  

— Заттарыңыздың қандай 20% сіз үшін ең құнды (80% және одан да жоғары)?  

— Көңіл-хошыңыздың 80% бере отырып, уақытыңыздың 20% неге кетіп жатыр?  

— Сіздің айналаңыздағылардың ішінде кім сізді барынша бақытты етіп жүр?  

— Қандай киімдеріңіздің 20% уақытыңыздың 80% киіп жүрсіз?

— Сіздің рационыңыздың 80% құрайтын азық-түліктің және тағамдардың 20%-не не кіреді?  

Жауап бердіңіз бе? Енді өміріңіздің осы салаларын қалай жақсарта алатыныңызды ойлап көріңіз.

Мысалы, егер сіз уақытыңыздың 80% сізді 20% жаныңызды сүйсінтетін адамдармен өткізіп жүрсеңіз, онда өзіңіз араласатын адамдар ортасын өзгерткен жөн ғой.  

Егер, мысал ретінде, сіз уақытыңыздың 80% интернетте өткізіп, одан алатын ләззатыңыз 20% болса, Желіде не бітіріп жүргеніңізді ойлаңыз. Дұрысы қарекет-тірлігіңізді басқасына ауыстырып, компьютерге шұқшиып отыратын уақытты азайту керек шығар?   

Егер заттарыңыздың 80% тек 20%-ке пайдаланып жүрсеңіз, оларды лақтырып жіберіңіз немесе сатып жіберіңіз. Киіміңізбен де дәл осылай істеңіз.  

Өзіңіздің рационыңызды 20/80 қағидаты бойынша талдап шығып, сіз қаншалықты денсаулыққа пайдалы тамақтанып жүргеніңізді біліп аласыз. Егер сіз уақытыңыздың 80%-да майлы тағамдарды жеп жүрсеңіз, диета ұстайтын кез келген шығар? Дастарханыңыздағы пайдасы шамалы тағамдар 20% қана болуы үшін тағам пропорцияларын қайта қарап шығыңыз.  

Паретоның оңтайлы заңы, бір қарағанда мүлдем оңтайлы емес махаббат «ауылында» да, қолдануға жарап тұр. Сіздердің қандай іс-қылықтарыңыз арақатынастарыңыздағы қыйындықтардың 80% құрап жүр? Сізді жансерігіңізбен 80% жақындата түскен 20% болатын әңгімелер не туралы еді?   

Көпшілігіміз қарым-қатынасымызға бұндай тұрғыда көз салып көрген жоқпыз, осылай істеп көру өте пайдалы болуы мүмкін.

Өмірдің әрбір қырының өз ПӘК*-і бар.

20/80 қағидатын пайдалану арқылы өміріңіздің тиімділігін бағалап қана қоймай, оны өз бақылауыңызға ала аласыз. Жауапкершілікті өз мойныңызға алып, проблемаларыңыз бар салаларын жақсарта аласыз.  

Әрине, Парето заңы панацея емес. Оны өмірдің басты кредосына теліп, барлығын осы қағидат бойынша ғана өлшеп-кесуге болмайды. Алайда, 20/80 қағидаты — өзіңіздің өміріңізге жаңашылдық енгізіп бере алатын тамаша кұрал.  

20/80 қағидатын негізге ала отырып, өміріңіздегі нені өзгерте алатыныңыз туралы ойланып көріңіз.  

Жауаптарыңызды қағазға жазып қойыңыз.  

*Пайдалы әсер коэффициенті.

Оқуға кеңес береміз:

Міндеттерді қалай жеңілдетуге болады?

7 пайдасыз әрекеттен бас тартып, өміріңді өзгерт

Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі

Жалқаулықты жеңудің ең жақсы әдісі

Сіз неге әлі күнге дейін бай емессіз: 7 себебі

Кайдзен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Бақытгүл

Керемет! Ойланып қалдым. Ойылды да өміріңді реттейді

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...