Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Арпа

Арпа (Ноrdeum) — астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл. Шыққан жері — Иран, Түркия, Армения. Адамдар неолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 12 - 10-мыңжылдық) қолдан өсіре бастаған. Арпаның тамыр жүйесі шашақты. Сабағы қуыс, биіктігі 30 - 135 см, жапырағы таспа пішіндес. Жемісі — дәнек. Арпа морфологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес: дақылдық арпа, эфиоптық арпа және аласа бойлы арпа деп аталатын 3 түрге бөлінеді. Арпа дәнінде 45 - 67% крахмал, 7 - 26% белок, 7 - 11% пентозан, 1,7 - 2% сахароза, 3,5 - 7,0% клетчатка, 2 - 3% май, 2 - 3% күл болады. Қазақстанда дақылдық арпаның дәні қос қатарлы және көп қатарлы екі түрі өсіріледі. Дәні қос қатарлы арпаның дәні масағының ортасында ғана болады. Ол сыра қайнатуға пайдаланылады. Дәні көп қатарлы арпа спирт өндірісінде (6 қырлысы), азық-түлік және мал жемі (4 қырлысы) түрінде пайдаланылады. Арпаның бұлардан басқа жаздық және күздік түрі бар. Жаздық арпа Қазақстанның барлық облыстарында егіледі. Күздік арпа Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында өсіріледі. Жаздық бидай мен сұлыға қарағанда оның түсімі жоғары әрі 10 - 15 күн ерте піседі. Арпаның Казақстанда "Нутанс-970", "Бәйшешек", "Сәуле", "Қарағанды-4", "Күздік", "Оңтүстік Қазақстан - 43", т.б. сорттары өсіріледі. Арпа зиянкестері: швед, қаракөз, егеу, гессен шыбындары. Ауру қоздырғыштары: қатты қаракүйе, тозаңды қаракүйе, ақұнтақ, т.б. Арпаны екпестен бұрын формалинмен немесе ерте көктемде, күзде гранозан, меркургексан препараттарымен дәрілеу қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...