Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ананың қадірі

(өмірден алынған)

Бұл оқиғаның қай кезде орын алғанын есіме түсіре алмадым. Бірақ арғы жылдың жаз айында өткені əлі есімде. Қаланың орталық көшелерінің бірінде келе жатқанымда, көше бойынан 70 жасты еңсеріп қалған əжейді байқап қалдым. Қолында өзі əзер ұстап келе жатқан екі дорбасы бар еді. Шаршағандығы сонша дем алысы жүрген сайын айқын естіліп келе жатыр. Ахлап, үхлеп ауладағы кішкене орындықтардың біріне жайғаса кетті. Қалтасынан қол орамалын суырып, маңдайынан шыққан ыстық терді сүрте бастады. Анда-санда көз жанары жасқа толып, моншақтай үзіліп-үзіліп аға бастады. Жанына жақындап не себептен көзіне жас алып отырғанын сұрағым да келген болатын, алайда мазасын алғым келмеді. Жай ғана сыртынан байқағым келді. Айналасына жалтақтай қарай береді. Көз жанары жолға қарай түсе береді. Біреуді күтіп отырғандай. Күткеннен үміті үзілгеннен кейін бе өзінің жүрген жолына кері бұрылып менен алыстай берді. Алыстай берді...

Бұл әжей жалғыз ұлын үйлендірмей тұрып өте бақытты адам еді. Ұлы: сұңғақ бойлы, түр десе түрі бар, ой десе ойы бар, ақылды, бойында бір мін жоқ азамат. Өз ортасында беделді, өз жұмысында алғыр. Тек әжейдің ұлына қатысты жалғыз ғана уайымы болатын. Ол-30 дан жаңа ғана асқан жалғыз ұлын үйлендіру арманы. Араға көп уақыт салар-салмастан көптен күткен арманы да орындалды. Ұлы анасының көптен бері ұлынан естігісі келіп жүрген: "Мен үйленемін" деген сөзді айтқанда анасының уайымын сейілті. Анасының қуанышында шек жоқ. Мәз-мейрам. Әрине, ана деген баласы үшін өзінен қатты уайымдайды ғой. «Біздің үйде де үлкен қуаныш болады екен-ау», деп қуанышында шек жоқ. Бір-екі ай өтер-өтпестен ұлы қалындығын таныстырып үйіне алып келді. Анасы келінінен бетер қатты толқып жүр. Неде болса шаңырағында ең алғашқы той болғалы жатыр. Ұйқысыз, дамылсыз күндер бастау алды. "Тойдың болғанынан болары қызық", деген сияқты бұл салтанатқа әзірлік қызу жүргізілуде. Сөйтіп, көптен арман болған тойда өз сәтімен өткізілді. Əжей өте бақытты. Келінін өз қызындай көріп, бар білетінін үйретіп, жылы сөздерін аямай жақсылыққа тәрбиеледі. Үйретерін үйретті. Көрсететінін көрсетті. Келіні де енесінің айтқанының бірін қалдырмай жасап көңілінен шығып жүреді. Өкініштісі, әжейдің бұл қуанышы көпке созыла қойған жоқ. 2-3 ай өтер-өтпестен келіні әжейге жалғыз үйге шығамыз деген талап қойды. Әжей қал деп те айтты, сендерден басқа менің ешкімім жоқ деп те айтты. Бірақ келіні енесінің сөзін елемеді. Тіпті, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, мәпелеп бағып қаққан жалғыз ұлы да анасының сөзіне құлақ аспады. Басында ұлы анасының сөзін сөйлеп жүрді. Кейіннен уақыт өте келе әйелінің барлық сөздеріне, қойған талаптарына бағына бастады. Ұлы біз қалаға кеткелі жатырмыз, бізбен бірге кеткін келсе жүр деген сынай білдірді. Ал әжей болса, өзінің өмірінің көп жылдары өткен панасын суытқысы келмеді. Қазақта қара шаңыраққа отбасының кенже ұлы ұстап қалуы керек деген түсінігі бар болатын. Анасы осы сөзді түсіндіріп те айтты. Бірақ баласы тыңдамады. Амал не, жалғыздан жалғыз қалғысы келмегендіктен ұлы мен келініне ілесіп, қалаға аттанып кете барды. Қалаға келгеннен кейін енесі келінінің басқаша заң орнатып, өз тірліктерін, өз əдеттерін шығара бастағанын байқады. Үй ісімен айналысудан, тіпті, түнделетіп жүретін кездерді, қоңбайтын кездерді де шығара бастады. Бұл қылықтары əрине, енесіне онша ұнамайтын. Кейін енесіне зекіп сөйлейтінді де шығара бастады. Бар себебі: енесінің бір-екі сөзін көтере алмауы еді. Сол кездерден бастап ене мен келінінің арасы суи бастады. Анасы ұлына келінінің арасында болып жатқан жайттарды білдіргісі келмеді. Себебі: ұлы мен келінінің арасына түскісі келмеген болатын. Бар арманы-жалғыз ұлының бақытты болуы еді. Қолынан басқа не келеді. Ана жүрегі-балам деп соғады ғой. Осындай күндердің бірінде келіні енесіне үйдегі шаруалармен айналасуын сұраған болатын. Енесі жарайды, келініме көмектесе қояйын деп көмектесе бастады. Бір кезде әжей қолынан байқаусыздан шелектегі суды төгіп алады. Мұны көрген келіні енесінің жасаған ісіне көз жұма алмай өзінен кешірім сұрауын сұрады. - «Мен саған не істедім, құлыным-ау. Бар жазығым саған көмектескенім бе?», деп әжей жылай бастады. - «Сіздің пайдаңыздан зияныңыз көп. Көзге күйдіргі болмай киімдеріңізді жинап өз бөлмеңізді босатыңыз. Сіздің орныңызға сол бөлмені пайдалы адамға жалға берейін. Сіз үйімізде ешбір ақша төлемей тұрып жатқаныңызға көзімді жұмдым. Алайда, мынандай тірлігіңізге көз жұма алмаймын деп әжейдің көңіліне қарамай ауыр сөздерін жаудырып жатты. Ана жүрегі бұл сөздерге шыдасың ба. Көзіне жас алып, киімдерін жинап кетіп қалды. Үйден ақырын-ақырын адымдап, өміріңде барып көрмеген қарттар үйіне келді. Келесі күні ғимараттың қызметшілері әжейге бір кісі келіп тұрғанын айтты. Барып қараса өзінің жалғыз ұлы екен. Барлық жағдайды ұмытқан әжей: мені үйге алып кететін шығар, деп езуіне күлкі үйірілді. Бірақ бұл ойлағаны тек қана қиял ғана болып шықты. Ұлы бізбен бірге тұрғын келсе, келініннің сөзін тыңда, әйтпесе осында қала бер деп талап қоя бастады. Ұлының бұл сөзі анасының жүрегіне оқ тигендей шаншу болып қадалды. Әрине, әжей бұл талапқа мүлдем келіспеді. Ол үйге барып, келінмен келін болғанша, осында өмірімнің соңына дейін өмір сүргенім екі есе жақсы деп жылай бастады. Ұлы анасының көз жасына қарамастан өз еркін өзің де, деп анасына қолын сілтеп кете барды. Артында анасы жылап қала берді. Әженің қолынан еш дәрмен келмеді. Қарғайын десе жалғыз баласы, өмірінің жалғызы, мақтайын десе бұл жасаған ісін кешіре алмайды. Содан әжей күнде қарттар үйінің ауласына шығып, ішінен: балам мені алып кететін шығар. Қатесін түсінер, деп күнде жол жаққа қарай береді. Бар күні солай өтуде. Басқа қолынан не келеді? Ештеңе келмейді. Өкінішті...

Айдана Боранбаева Инновациялық Еуразия Университетінің 3-курс студенті Павлодар қаласы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...