Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Зимем дәптері

Зимем — зиммет сөзінің көпше түрі. Зиммет сөзінің бұл жердегі мағынасы қарыз дегенді білдіреді. Зимем дәптері қарыздар жазылатын дәптер деген сөз. Баяғыда Осман мемлекетінде азық-түлік дүкендерінде қарызға алған тұрғындардың тізімі, қарыздарының мөлшері жазылатын дәптер. Осман елінің байлары кедейлердің қарызын құтылуға көмекші болып сауап жинауға тырысатын. Сондай-ақ өз есімдерінің белгісіз қалуына қатты мән беретін, яғни бұл қайырымдылықты жасырын жасайтын. Жағдайы нашар болған кедейлерді, қарызын төлей алмай қиналып жүрген адамдарды анықтап қарыздарын төлеп кететін. Егер қиналып жүрген адамды таба алмаса кездейсоқ бірнеше беттегі қарыздарды есептетіп, төлеп, сол беттерді жыртқызып немесе өшіргізіп кететін. Мұндай қайырымдылық көбіне рамазан айының алдында жасалатын. Рамазан айының алдында дүкенге қарыздар болғандықтан оны төлеуге шамасы жетпей, тағы қарызға азық-түлік алуға қысылып, оразаға жөнді қамдана алмайтындар болатын. Осындай қиын қыстау жағдайдағы бұл көмектің қаншалықты үлкен сый екенін бұл жағдайға тап болғандар жақсы түсінсе керек. 

Сондай-ақ бұл қайырымдылықтың жасырын болуына мән бергені соншалық, байлар кейде бөгде ауылдарға, өзін танымайтын елді-мекендердегі дүкенге келіп қарыз дәптерін сұрап, қарыздарды төлеп кететін. Қайырымдылық еткен адам кімнің қарызын төлегенін білмейді. Яғни ертең кездескенде оған істеген жақсылығы есіне түсіп, маңғаздана, тәкаппарлана алмайтын болады. Кедей де қарызын кім төлегенін білмейді, яғни ертең оны көргенде ұялып, қысылып жүрмейді. Дүкеншілердің адалдығы да мықты болған, қарызы төленген кедейлерді дереу хабардар ететін.   


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Салтанат

Менің қарыздарымды да біреу келіп өшіріп кетсе екен)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...