Эссе және өлең-жыр байқауы

Алды-артына бірдей оқылатын сөздер

Ана

Апа

Ата Аға

Ақа — айыр, аша

Ара — бал арасы,

Ара — ағаш кесетін ара

Ара — ара қашықтық

Аса — өте, тым

Аса — етістік: ет аса

Аша — айыр

Еге — ие, қожа

Еге — етістік: бірнәрсені егеу

Ене — келіннің енесі

Есе — кек, бір есе, екі есе...

Қақ — қауын қағы, кепкен жеміс

Қақ — жаңбыр суынан кепкен жер

Құқ — ар, ақы, құқық

Кек — кек қайтару, есеп айырысу

Көк — түр, түс

Көк — аспан, әуе, зеңгір көк

Көк — шөп, көкөніс

Нан — ас атасы, тағам

Нән — үлкен, зор

Сес — сұс, айбар

Тат — тотық, тотығу

Тот — темірдің тотығуы

Тұт — жеміс

Тұт — етістік: кілем тұту, бір нәрсені ұстау

Түт — етістік: жібек түту, жүн түту

Шаш — адамның шашы

Шаш — етістік: су шашу, гүл шашу

Шеш — етістік: киім шешу, есеп шығару

 

Төрт әріптен тұрып, алды-артына бірдей оқылатын бір ғана сөз бар:

АЛЛА

 

Бес әріптен тұрып, алды-артына бірдей оқылатын бір ғана сөз бар:

Ол — Алланың ықыласы түскен ұлт, халық — ҚАЗАҚ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...