Жабайұлы Тоқсан би

Жабайұлы Тоқсан би (1737-1839) – «Дала данышпаны» атанып, туралығымен, әділдігімен үш жүзге аты жайылған би, шешен. Әкесі Жабай Абылай ханның батырларының бірі болған, керей тайпасының басшысы.


Нақыл сөздері

Өткел өтсең бұрын өт, арты болар көк тайғақ.
Жауға шапсаң көппен шап, дұшпаныңа ол да айбат.

Ілмектер: дұшпан, нақыл сөз, ұлағат Жабайұлы Тоқсан би

Пышағыңды мұқалтпа, не кеспесті біліпсің?!
Бейтанысқа сыр айтпа, не деспесті біліпсің?!

Ілмектер: сыр, пышақ Жабайұлы Тоқсан би

Тоз болып иілгеннен, шарт етіп сынған артық.

Ілмектер: нақыл сөз, Ұлағатты сөздер Жабайұлы Тоқсан би

Ер жігітке бақ қонса — дұшпаны да жағалар,
Басынан бір күн бақ тайса — жабылып бәрі табылар.

Ілмектер: бақ, дұшпан, Тоқсан би Жабайұлы Тоқсан би

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)