Фәридуддин Аттар

Фәридуддин Аттар (Фарид ад-дин Мұхаммед б. Ибраһим ан-Нишабури Аттар) (1220 жылы қайтыс болған) - парсының белгілі ақыны. Қадқан ауылында (Нишапур қаласына таяу) 1148 - 1151 ж. аралығында дүниеге келген. Аттар әкесінің жолын қуып, дәрігерлік және емшілік істерімен айналысты. Аттар сопы болған, ол қартайған шағына дейін өзінің дүкенінде еңбек етіп, бұл тіршілікті ақындық шығармашылықпен бірге жүргізді. Тұрақты дэстүр бойынша Аттар Нишапур қаласында монғолдың Иранға шапқыншылығы кезінде қайтыс болды. Аттардың шығармалары оның білімдар, аса талантты әңгімешіл екенін аңғартады. «Қасиетті қарттардың» өмірінен алынған әңгімелері мен поэмалары «Таәкират әл-әулие» атты очерктеріне енген. Бұл очерктерде сонымен қатар Аттардың сопылармен өткізген әңгімелерінің мазмұны берілген. Оның шығармаларының кейбір үзінділері бүкіл мұсылман еліне тарады. Аттар қайтыс болғаннан кейін жүздеген жылдар өтсе де көптеген ұлттың ақындары оның өлеңдеріне қайта оралды. Аттардың Мантық ат-Тайыр, Иләһинәмә және Мүсибәтнәмә атты поэмалары сопылық әдебиетінің үлгілері болды. Аттар дәстүрлі 66 шығарманың авторы, оның ішінде 12 шығарма зерттеу тақырыбына жазылған.


Нақыл сөздері

Жұмыстарыңның жақсы жүруін қаласаң, өз басыңмен әрекет етпе! Ақылдылармен кеңес!

Ілмектер: жұмыс, кеңес, ақыл Фәридуддин Аттар

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)