http://a-brands.kz/

Әл-Хорезми

Әл-Хорезми (араб.: محمد بن موسی خوارزمی‎) (толық есімі - Әбу Абдулла (немесе Әбу Жафар) Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми) - Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз-жәдігөйлер (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.

Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.

Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан “алгебра” атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.


Нақыл сөздері

Сұлулықтан да зекет алу керек.

Ілмектер: сұлулық, зекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл-Хорезми

Жұрт сүйгенді құдай да сүйеді.

Ілмектер: жұрт, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл-Хорезми

Махаббаттан өмір туады.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм Әл-Хорезми

Сұлулықтың салтанаты да гүлдің күніндей қысқа болады.

Ілмектер: сұлулық, нақыл, афоризм, гүл Әл-Хорезми

Махаббаттан мың түрлі сыр туады.

Ілмектер: сыр, махаббат, нақыл, афоризм Әл-Хорезми

Махаббат – қашып құтыла алмайтын қайғы.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, махаббат Әл-Хорезми

Махаббатың мың түрлі құпиясы бар,
Жүрек оны жан шыққанша жасырар.

Ілмектер: махаббат, құпия, нақыл, афоризм Әл-Хорезми


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)