Мұратхан Шоқан

Мұратхан Шоқан 1974 жылдың 25 ақпанында ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағы Толы ауданы Ақбелдеу ауылында туған.(1994-1996)жылдары Шыңжаң университетінен қазақ әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. (1997-1998)жылдары туған ауылында мұғалым,(1998-2001) жылдары толы аудандық мәдениет мекемесі, қызымет істеді. 2001 жылы қазақстанға оралды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Жиырманың жалыны»,(1994), «Маған көктем сыйлашы»,(2000), «Жүрекке жүгіну», (2007),«Тазалыққа ұмтылу»(2010), қатарлы жыр кітаптарының, «Жаратылыснама» (2010), атты философиялық кітаптың авторы. Жырлары ҚХР Бижің ұлттар баспасынан шыққан «20 ғасыр әдебиет қамбасы» атты томға енгізілді. «Әлем бесік жырлары» атты ән альбомды қазақшаға аударды. Және «Тәуелсіздік жемісі» «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітаптардың идейасының авторы әрі құрастырушысы. Елге келгелі 2003 жылы «Қазақ әдебиеті» гәзетінде жұмыс жасады. «Жас қалам» Қосымшысының редакторы болды. Жас қазақ» гәзеті «Жазушы баспасында" Жұмыс істеді. «Өмірді қорғау» қорының төрағасы.


Нақыл сөздері

Басқаның үмітін өлтіру адам өлтірумен бірдей…

Ілмектер: үміт, адам, өмір Мұратхан Шоқан


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)