Марк Твен

Марк Твен ( 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ — 21 сәуір 1910 жыл, Реддинг, Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.


Нақыл сөздері

Егер үнемі шындықты ғана айтатын болсаңыз, сізге ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ.

Ілмектер: шындық, есте сақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен

Cары уайымшыл жастың сүмірейген сиқынан сорақы мұңлы көрініс жоқ.

Ілмектер: уайым, жас, көрініс Марк Твен

Бақыттың базарында шалқу үшін өз жәннатың болуы керек. Ортақ бір жұмақ бәрінің көңілінен шыға қоймайды.

Ілмектер: бақыт Марк Твен

Бақ әрбір адамның есігін өмірінде бір рет болсын қағады, алайда, адам осы уақытта "үйінде болмағандықтан" есіктің қағылғанын естімей қалады.

Ілмектер: бақ, бақыт, есік, үй, есту Марк Твен

Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр. Және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін.

Ілмектер: би, ән, жақсы көру, өмір Марк Твен

Ең бірінші туған күнін тойлаған адаммен не істеуге болады? Өлтіру де аз.

Ілмектер: туған күн Марк Твен

Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.

Ілмектер: өлім, өкініш, ғашықтық, қыдыру Марк Твен

Адамның ақылы – ең ғажайып зат. Ол бірдің емес, бүкіл елдің сөзін сөйлесе де, ең соңғы минутқа дейін жұмыс жасайды.

Ілмектер: ақыл, адам Марк Твен

Егер айтатын сөзің болмаса, шындықты айт.

Ілмектер: шындық, сөз Марк Твен

Айғай-шу ештеңені дәлелдемейді. Жұмыртқалаған тауық көбінесе кішігірім планета туғандай қоқақтайды.

Ілмектер: дөрекілік, айғай, шу Марк Твен

Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде

Ілмектер: Жетістік, құпия, іс, бастау, ой Марк Твен

Банкир — бұл күн ашық күні қолшатыр беріп, оны жаңбыр жауған күні қайтаруды талап ететін адам.

Ілмектер: банкир, адам Марк Твен

Қазір қоғамдағы адамдарды екіге ғана бөлуге болады: бірі — түрмедегі жазасын өтеушілер, екіншілері — жазасын өтеуге тиістер.

Ілмектер: қоғам, Адам денесі Марк Твен

Уайымнан ләззат алғыңыз келсе жақын досыңызбен оны бөлісіңіз.

Ілмектер: уайым, ләззат, дос Марк Твен

Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.

Ілмектер: балалық шақ, бақыт, қарттық Марк Твен

Әділдік жалғыздыққа душар етуі мүмкін.

Ілмектер: әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер Марк Твен

Достық үзілмейді, үзілсе ол достықтың болмағаны.

Ілмектер: достық туралы нақыл сөздер Марк Твен

Мақтаулар — жақсы нәрсе, мадақтар да әдемі нәрсе ғой, алайда махаббат — адамның өз мінезі мен мүмкіншілігінің арқасында жеңіп алатын баға жетпес қазынасы.

Ілмектер: мақтау, мадақ, махаббат, қазына, мінез Марк Твен

Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

Ілмектер: атақ, қызмет, адамшылық Марк Твен

Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім.

Ілмектер: мектеп, тапсырма, білім, кедергі Марк Твен


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)