Өлең, жыр, ақындар

Шәкен Күмісбайұлы

Шәкен Күмісбайұлы — 1943 жылы 17 қазанда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған. 1965 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. Өз ауылында мұғалім, республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Қазақ елі», «Ана тілі» газеттерінде әдеби қызметкер, республикалық «Бала Би», «Айгөлек» журналдарында жауапты хатшы, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов мұражайында бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен.

Алғашқы әңгімесі «Жеңеше» деген атпен 1965 жылы Алматы облыстық газетінде жарияланған. 1971 жылы, 1975 жылы екі мәрте балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлдегер болған. 2008 жылы «Солақай» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған. Жеке әңгімелері украин, орыс, белорус, моңғол, неміс тілдеріне аударылған, топтама жинақтарға енген.


Қарап көріңіз