Бұқар жырау

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен.

Ілмектер: өмір, ажал, жастық, жастық шақ Бұқар жырау

Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.

Ілмектер: сөз, ел Бұқар жырау

Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес.

Ілмектер: пейіл, нақыл сөздер Бұқар жырау

Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.

Ілмектер: қыз, дәулет, тіл, нақыл сөздер Бұқар жырау

Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы.

Ілмектер: ер, найза, халық, пайда Бұқар жырау

Жақыңдап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да —
Үмітін жоймас адамзат!

Ілмектер: адам, үміт, өмір, ажал Бұқар жырау

Әлемді түгел білсе де,
Қызығын қолмен белсе де,
Қызықты күн қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де —
Өмірге тоймас адамзат!

Ілмектер: өмір, адам, әлем, қызық, қанағат Бұқар жырау

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін.

Ілмектер: жат, бірлік Бұқар жырау

Әкесіз бала жиын болса бара алмас, барса орын ала алмас.

Ілмектер: әке, бала Бұқар жырау

Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы,
Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы.
Келіншекке жарасар – емшектегі баласы,
Қыз он беске келгенде – шашынан көп жаласы,
Бұл жалғанның жаманы – ағайынның жаласы.

Ілмектер: ағайын, жала, келіншек, қыз, бала, жаман Бұқар жырау

Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді.

Ілмектер: әке, бала, тас, жебе Бұқар жырау

Әкелі бала – жау жүрек,
Әкесіз бала – су жүрек.

Ілмектер: әке, бала, қорқақтық Бұқар жырау

Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: туған, туыс, абысын, ағайын, ел Бұқар жырау

Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.

Ілмектер: кедей, дәулет Бұқар жырау

Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
— Қызыққа тоймас адамзат!

Ілмектер: әлем, адамзат, алтын Бұқар жырау

Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан.

Ілмектер: Бұқар жырау Бұқар жырау







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)