Өлеңдер бөлімі

Бұқар жырау

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес.

Ілмектер: қарт, сыйлау, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ажал жетпей — жан шықпас.

Ілмектер: ажал, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ақтың үйі — ақ мешіт.

Ілмектер: үй, мешіт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өтірікті шын қылған — ол адамның қызыл көзді пәлесі.

Ілмектер: адам, өтірік, пәле, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Сыпайы сырын білдірмес.

Ілмектер: сыпайылық, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Байдың малын көтерме: тайып кетсе табаның, шашыңды берсе жетер ме?!

Ілмектер: бай, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Арғымағын жоғалтып, тай жүгірткен заман-ай.

Ілмектер: арғымақ, тай, заман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаңғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз.
Қара бура арыса — майы қалың бесті артық,
Баласы жоқ қатыннан — лақтаған ешкі артық.

Ілмектер: бала, зорлық, ешкі, лақ, май, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Алатаудан асыңыз, ашуыңызды басыңыз.

Ілмектер: Алатау, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өзіңе еркіндік бермесе, азат бастан не пайда.

Ілмектер: еркіндік, азат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Қалмаса қайнар азайып, аққан дария суалмас.

Ілмектер: дария, су, қайнар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Шын жолында сөйлесең — басыңа келер пәлесі.

Ілмектер: пәле, шын, шындық, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өлең — сөздің данасы, шындықтың анасы.

Ілмектер: өлең, шындық, сөз, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: ат, қарға, нұр, көз, мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз да көпке теңеліп,
Бір майданда жолығып,
Кегін бір алмас демеңіз.

Ілмектер: жалғыз, кек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Берем деген құтылмас.

Ілмектер: құтылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Тірнектеп жүріп іс қылған жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп, жайлауға көшпес демеңіз.

Ілмектер: жарлы, бай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Риза болсаң құдайға, түзелер сонда ісіңіз.

Ілмектер: ризалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Алладан һүкім келмей өлмек жоқ.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Тоқсан бес деген торы екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарайын десең –
Екі жағың ор екен,
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен –
Келмейтұғын неме екен!

Ілмектер: қарттық, қариялық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Тоқсан бес, жас Бұқар жырау