Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Төле би Әлібекұлы

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар.


Нақыл сөздері

Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?

Ілмектер: шариғат, батырлық, пайда, нақыл, афоризм Төле би Әлібекұлы

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Ілмектер: шын, адам, нақыл Төле би Әлібекұлы

Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!

Ілмектер: адал, нақыл, дос, афоризм, жау Төле би Әлібекұлы

Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң,
Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң,
Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң.

Ілмектер: өмір, туысқан, дәурен, ажал Төле би Әлібекұлы

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасына қуса игі!

Ілмектер: ата, ұл, ұят, жау Төле би Әлібекұлы

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Ілмектер: сөз, үйрену Төле би Әлібекұлы

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

Ілмектер: ақыл, ой, талап, сабыр, халық, арман, ар, өмір, сыйластық Төле би Әлібекұлы

Тұзаққа түскен бұлбұлдан еркін жүрген торғай артық.

Ілмектер: тұзақ, еркіндік Төле би Әлібекұлы

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.

Ілмектер: ат, жақсы, бала, әйел, қыз, иман, ырыс Төле би Әлібекұлы

Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас.

Ілмектер: қыз, жігіт, тіл Төле би Әлібекұлы

Жас адамға басты кесір– еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір –тілазарлық, кежірлік

Ілмектер: еріншектік, ұйқышылдық, тілазарлық, кежірлік, кесір Төле би Әлібекұлы

Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі.

Ілмектер: ұят Төле би Әлібекұлы