Өлең, жыр, ақындар

Альфред Адлер

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.


Нақыл сөздері

Қоғамда қашқындарға орын жоқ.

Ілмектер: қоғам, қашқын Альфред Адлер

Бала қиялында сəбидің өзі де əлдекімдерге билік жүргізетін көріністер міндетті түрде кездеседі.

Ілмектер: бала, қиял, сәби, көрініс, билік, міндет Альфред Адлер

«Бəрі алдын-ала айқындалып қойылған» дегенге сену — өзің үшін ғана емес, өзгелер үшін де пайдалы өмір сүруден сужүректікпен қашып құтылуға мойын ұсынумен бірдей.

Ілмектер: сужүректік, өмір Альфред Адлер

Алға басқан қадамның бəрі — кемшіліктердің көзін жою жөніндегі қажеттілік.

Ілмектер: қадам, алға басу, кемшілік, қателік Альфред Адлер

Адамның ішкі жан дүниесіндегі қимыл-қозғалыстың бəрі — одан əрі алға басуға əзірлік.

Ілмектер: жан дүние, қимыл-қозғалыс Альфред Адлер

Кез-келген көңіл күй құбылысы нақты бір мақсатқа сəйкес келеді.

Ілмектер: көңіл-күй, мақсат Альфред Адлер

Біздің барлық қоғамдық институттарымыз, салт-дəстүрлеріміз бен заңдарымыз, біздің мораліміз,бізді жалпы жол-жоралғыларымыз
— оларды еркектердің үстемдік құруы үшін еркектердің өздері ойлап тауып, қолдап-қорғап келе жатқандығының ашық дəлелі.

Ілмектер: қоғам, салт-дəстүр, заң, мораль Альфред Адлер

Біздің бəріміз де бүтін біткенге көз қиығын да салғымыз келмейді: тек өз мақсат-мүдделерімізге сəйкес келетін бірдеңелерді ғана бағалаймыз.

Ілмектер: мақсат, мүдде Альфред Адлер

Нəпсіқұмарлық мəселесі төңірегіндегі наным-сенімнен аяқ алып жүру қиын.

Ілмектер: нəпсіқұмарлық, наным, сенім Альфред Адлер

Өмірдің мəні жоқ деген көңіл күй ауаны бел алған төңкерістер мен жаугершіліктер кезінде нəпсіқұмарлыққа шектен тыс көңіл бөлінеді.

Ілмектер: өмір, көңіл күй, төңкеріс, жаугершілік, нəпсіқұмарлық Альфред Адлер

Сырт қарағанда айырмасы жоқ іс-қимылдар бір жағдайда — қылмысқа жатқызылса, енді бір жағдайда — қылмысқа жатқызылмайды.

Ілмектер: қылмыс, іс-қимыл Альфред Адлер

Тегі, қоғамдағы кеселдер таза күйіндегіден гөрі, оған іш тартушылар көмегімен əлдеқайда көбейіп кетеді.

Ілмектер: қоғам, кесел Альфред Адлер

Тегі, қазір өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінің ата-тегі құл болса керек.

Ілмектер: өмір, ата-тек, құл Альфред Адлер

Көп адам қорқынышқа бейім тұрады. Ұялшақтық — кісінің басқалармен араласқысы келмейтіндігінің бір белгісі.

Ілмектер: қорқыныш, ұялшақтық Альфред Адлер

Адам болу — өз кемшілігін өзі сезіну деген сөз.

Ілмектер: кемшілік, сезім Альфред Адлер

Өте жолы болмаушылық — өзінің маңыздылығын сезінудің бұл да бір жолы.

Ілмектер: жолы болмаушылық, маңыздылық, сезім Альфред Адлер

Үлкен бояу! Құдіретті атану! — Кішкене немесе өзін кішкене сезінетін адам біткеннің мəңгілік құштарлығы осы ғана.

Ілмектер: құдірет, сезім, құштарлық, мәңгілік Альфред Адлер

Бір рет алған əсердің əсері жойылмайды.

Ілмектер: әсер, әсер алу Альфред Адлер

Неке дегеніміз — міндетті түрде бойжеткен қыздың əйел рөлін ойнауға толық мойын ұсынуы емес.

Ілмектер: неке, міндет, бойжеткен, қыз, әйел, мойын ұсыну Альфред Адлер

Өмірлік мақсаттардың басым бөлігіне тек бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Ілмектер: өлім, мақсат, жұмыс, қол жеткізу Альфред Адлер

Қарап көріңіз