Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.

Ілмектер: ұлт, сатқындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма.

Ілмектер: қызмет, жер, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тексізден тезек артық,
Арсыздан аиуан артық

Ілмектер: Арсыздық Бауыржан Момышұлы

Тәрбиелі — тәртіптің құлы.

Ілмектер: тәрбие, тәртіп, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

• Ердің туы – намыс.
• Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
• Ердің Еділ тобығынан келмейді.
• Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың
• Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
• Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
• Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
• Қырағының өзі де, көзі де батыр.
• Ерлік – елеусіз қалмас.
• Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
• Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты.
• Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
• Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
• Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
• Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
• Командир – аға, солдат – іні.
• Айқаймен ала алмайсың,
Ақылмен, айламен алғын.
• Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі.
• Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
• Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі.
• Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір,
Өршеленген жаудың үнін өшір.
• Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
• Ер бақыты – ел қолында,
Ел бақыты – ерлер қолында.
• Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
• Қорқақ – қаққа шөгіп өледі.
• Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
• Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те - ерлік.
• Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
• Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.

Ілмектер: нақыл сөздер, Бауыржан Момышұлы, елдік Бауыржан Момышұлы

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, тарих, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

Су сұйық болғанымен, тас жарады.
Жел құз жартасты, құмға айналдырады.
От жұмсақ болғанымен, қатты ағашты күл етеді.
Байқап отырсақ, жұмсақ нәрсенің бәрі ең соңында келіп, қаттыдан әлдеқайда құдіретті, әрі күшті болып шығады.

Ілмектер: нақыл, жұмсақтық Бауыржан Момышұлы

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.

Ілмектер: тіл, ұлт, салт, сана Бауыржан Момышұлы

Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.

Ілмектер: ой, жау, күлкі Бауыржан Момышұлы

Күншілдік — өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс.

Ілмектер: күншілдік, мықтылық, әлсіздік Бауыржан Момышұлы

Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас.Осыған әрқашанда әзір болу керек.

Ілмектер: жастық шақ, жиырма жас, ерлік Бауыржан Момышұлы

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Ілмектер: тілек, еңбек, ой Бауыржан Момышұлы

Жұмысқа жарап тұрғанымда, мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.

Ілмектер: жұмыс, кәрілік, кәрі Бауыржан Момышұлы

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Ілмектер: ерлік, жігіт, қасиет, жүректілік Бауыржан Момышұлы

Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

Ілмектер: батырлық, тәуекел, адалдық, ақыл Бауыржан Момышұлы

Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

Ілмектер: батыр, мінез, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар? Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе?

Ілмектер: бала, әуен Бауыржан Момышұлы

Сәбиді қанша рет сүйейік, бәрібір мейіріміз қанбайды.

Ілмектер: сәби, бала, мейірім, сүю Бауыржан Момышұлы

Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.

Ілмектер: сыр, сөз, сыр сақтау Бауыржан Момышұлы







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)