Өлең, жыр, ақындар

Саиф Сараи

Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.


Нақыл сөздері

Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же.

Ілмектер: саулық, денсаулық, тамақ, ас Саиф Сараи

Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді.

Ілмектер: ақыл, надан Саиф Сараи

Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.

Ілмектер: мүсәпір, ақы, тәлім-тәрбие, өсиет, тозақ Саиф Сараи

Қиындық көрмей байлық келмейді.

Ілмектер: қиындық, еңбек, байлық Саиф Сараи

Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.

Ілмектер: күш, иман, дін, құдай Саиф Сараи

Құр тілекпен бек атана алмайсың.

Ілмектер: тілек, еңбек Саиф Сараи

Табысы жоқтың - танысы жоқ.

Ілмектер: табыс, таныс, еңбек Саиф Сараи

Тайып бара жатқанға таяныш бол.

Ілмектер: өсиет, тәрбие Саиф Сараи

Ақымақ адам өз тілін тыя алмайды.

Ілмектер: тіл, ақымақ Саиф Сараи

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.

Ілмектер: дұшпан, достық Саиф Сараи

Ақымақты мақтасаң – қуанады.

Ілмектер: ақымақ, мақтау, қуану, надандық Саиф Сараи

Ұятсыз адам иттен де жаман.

Ілмектер: ұят, жаман Саиф Сараи

Әділ жол мақсатқа жеткізеді.

Ілмектер: жол, мақсат Саиф Сараи

Тіленіп күн көрген — қор болып өтеді

Ілмектер: қор, тілену Саиф Сараи

Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.

Ілмектер: қарапайымдылық, сұрау, ар Саиф Сараи

Қарап көріңіз