Эссе және өлең-жыр байқауы

Джек Ма

Джек Ма немесе Ма Юн (қыт. 马云; 10 қыркүйек, 1964) қытай кәсіпкері және филантроп. Ол Alibaba Group, жоғары табысты интернет бизнес тобының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы. Ол Forbes мұқабасына алғаш рет пайда болған қытайлық кәсіпкер.


Нақыл сөздері

Махаббат деген бір түрлі сезім ғана, бұл сезім уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

Ілмектер: махаббат, сезім, қайғы Джек Ма

Өміріңде кездескен кез-келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама, осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.

Ілмектер: Өмір, Джек Ма, болашақ, адам, Сабыр Джек Ма

Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын, тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміз адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі, мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ.

Ілмектер: Джек Ма, лотерея, ұтыс, еңбек Джек Ма

Адамдарға сенiң құрғақ сөзiң емес, жасаған iс-әрекетiң маңызды.

Ілмектер: адам, сөз, iс-әрекет Джек Ма

Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын білімің ешкім сеннен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды.

Ілмектер: білім, кәсіп, табыс, қару Джек Ма

Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Ілмектер: жас, лайық, кедей, әрекетсіздік Джек Ма