Гиппократ

Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтқан.


Нақыл сөздері

Өнер — ұзақ, Өмір — қысқа.
Латыннан: Ars longa, vita brevis [Арс лонга, вита брэвис].

Ілмектер: өнер, ұзақ, Өмір, қысқа, уақыт Гиппократ

Той, даңғазашылдық пен ештеме істемеушілік адамды аздырады, денсаулықтан айырады, қайта ақыл-ойдың бір нәрсеге талпынуы өмірбақи тұрмысты нығайтуға бағытталған қайратқа мінгізеді.

Ілмектер: той, денсаулық, ақыл Гиппократ

Мөлшерден тыс тоқтық та,аштық та және басқа да ауытқушылықтың бәрі де денсаулыққа қолайсыз.

Ілмектер: денсаулық, тоқтық, аштық Гиппократ

Тегін емдеме, тегін емдесе дәрігердің, тегін емделсе науқастың қадірі кетеді.

Ілмектер: тегін, денсаулық, дәрігер, ем, науқас, қадір Гиппократ

Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі – тамағымыз болу керек.

Ілмектер: тамақ, дәрі, денсаулық Гиппократ







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)