сайыс
ozgetil.kz

Ғажайып бақ ертегісі

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып бақ ертегісі.

Сабақтың мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, ертегінің сюжетін ұғындыру, сөз өнерінің әдемі кестелері арқылы оқушының сөздік қорын байытып, мәнді , мағыналы сөйлеуге жаттықтыру.

2. Ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз тіркестері мен сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

3. Оқушыларды адалдыққа, өз ойын дәлелді , анық жеткізе білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақтарға жауап алу, тілдік сезімді дамыту.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

  • Көңіл-күй терапиясы.
  • Психологиялық дайындық.

Әрбір сабақ: үйрену, ұлағат, іздену.

Әрбір адам: туысым, досым, бауырым.

Әр ісіміз: тірек, тірлік, тіршілік.

Әр сөзіміз: адалдық, бірлік,  шыншылдық.

2. Қызығушылықты ояту.

А)Ертегі түрлерін ата.

Төмендегі ертегілер ертегінің қай түріне жатады?

Еңбекпен тапқан тиын; Ұр, тоқпақ ;  Қарлығаштың құйрығы неге айыр;

 

Ә) Сұрақтарға жауап алу

●Сүлеймен патша қандай бұйрық берді?

●Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырды?

●Құстарды қыру міндеті кімге жүктелді?

●Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасады?

●Бұл ертегінің қай түріне жатады?

●Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады?

 

Б) Ертегідегі құстарға мінездеме бер

Көкжендет,    Жапалақ,     Үкі.

Оқушыларды мінездеме берген құстарына қарай 3 топқа бөлу.

 

3. Мағынаны тану. Жаңа сабақ.  Ғажайып бақ.

- Ертегінің мазмұнына шолу.

4. Ертегіні топ бойынша бөліктерге бөліп оқу.

- Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.

- Қариядан ақыл сұрауы.

-Төртінші шәкірттің іс-әрекеті.

( INSERT )  Түртіп алу стратегиясы

 

5. Сергіту сәті.

 

6. Сұрақ қою стратегиясы.

1.”Ғажайып бақ” ертегінің қай түріне жатады?

2.Асан мен Қасеннің адал достығын  қалай байқадың?

3. Қария ең кіші шәкіртіне неліктен риза болды?

4.Бұл ертегіден халықтың қандай  арман- тілегін байқадың?

5. Ертегі ұнады ма? Несімен ұнады?

Бөлімдерге бөліп оқудың пайдасы қандай?

 

7.  Ой қорыту. Тауып оқу.

- Ертегіден нақыл сөзді тауып оқы.

-Аулына жақындаған жігіттің ішкі ойын, уайымын тауып оқы.

-Төрт шәкірттің шешімін тауып оқы.

Асан мен Қасеннің дауын сен қалай шешер едің?

 

8.Топпен жұмыс.

Соңғы сөзді маған қалдыр.

Мәтіннің ұнаған жері

Өз пікіріңді білдір, түсініктеме бер.

 

 

 

Адамдардың игілігі үшін ғажайп баққа тағы не қосар едің?

 

9. Үйге тапсырма.

Ертегіні түсініп оқу.

Көрнекілік стратегиясы. Ғажайып бақтың суретін сал.

 

10. Бағалау.

-Топ жетекшілерінің бағасы.

-Мұғалімнің бағасы.

 

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)