Жарнама

Балалардағы тілкемістігін түзетудегі ата-ананың ролі

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Казталов ауылы
Казталов аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дайындаған: мұғалім – логопед Губашева Эльмира Нурлановна

Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны мен логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы жылдан жылға өсуде.

Сондықтан, сөйлеу тіл бұзылымдарын диагностикалау және түзету аса маңызды, өзекті мәселе. Сөйлеу тілінде бұзылымы бар балалармен емдеу және түзету жұмыстарын неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым жетістіктері сәтті болады. Жиі кездесетін күрделі сөйлеу тіл кемістігін түзету үшін арнайы логопедтік сабақтар құрылады. Дегенмен, оң нәтижеге келу үшін, баланы мектепке оқуға ақаусыз дайындау үшін отбасындағы ата-ананың белсенді көмегі қажет.Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда ата аналар қатысса, логопед пен баланың жұмысына оң әсерін тигізеді.Егер бұл қатысушылық саналы түрде болса, жақсы жоспарланған және ұзаққа созылса, онда ол тиімді бола түседі. Өзара ынтымақтастық неғұрлым ертерек басталса құба құп.

Ата-ана, егер балаңыздың дұрыс сөйлеуіне көмектескіңіз келсе:

- Балаңыздың былдырлап сөйлегеніне еліктемеңіз және сөзін бұрмаламаңыз, дұрыс сөйлеудің үлгісі болыңыз;
- Балаңыз сөзіңізді естейтіндей және еліктейтіндей, сөзді анық, баяу және дұрыс айтыңыз;
- Балаңызбен сөйлескен кезде балаңыздың түріне қарауға тырысыңыз;
- Балаңыздың сіздің бет әлпетіңізге қарауына жағдай жасаңыз; ерін мен тіл қимылын, сіздің буын мен сөзді қалай айтатыныңызды бақыласын;
- Жаңа дыбыс пен сөзді қайта-қайта қайталаңыз. Баламен сөйлескен сайын жиі қолданыңыз;
- Балаңыздың дұрыс айта алмай жүрген дыбыстарын дұрыс айта бастағанда мадақтаңыз;

Баланың сөйлеу қабілетінің бұзылуы тек қана сүйетін, қамқоршы, көнбіс, білімді ата-аналар көмегімен тиімді жойылады. Өйткені жақын адамдарымен бала қөп уақыт болады

Қорыта айтқанда ең өкініштісі бос жіберіп алған  уақыт. Себебі психологтар туғанынан 3 жасқа дейінгі кезеңді бала өміріндегі ең сезімтал кезең деп санайды. 3 жасқа дейінгі кезең – сөйлеу тілінің дамуына да ең қолайлы жас. Себебі осы уақытта ми қыртысындағы сөйлеу тіл аймақтарының анатомиялық жетілуі жалпы аяқталады. Осы кезеңде тіл кемістіктерін түзету неғұрлым жеңіл болады. 


Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Нұрболат Ерболатулынан

Әріптесім өте тамаша мақалан екен Жұмысын жемісті болсын әрі қарата керекті мақалаларын көп болсын. Өзіме керектігін алдым

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)