Қыс келбеті

Батыс Қазастан облысы
Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы
«Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
Мұғалім-логопед: Д.Қ.Тастемирова

Сабақтың тақырыбы:  «Қыс келбеті»

Сабақтың мақсатыОқушыларға қыс мезгілінің көрінісін ауызша айтып, суреттеу әдісі арқылы еркін сөйлеуге үйрету. Табиғат құбылыстарын алуан құбылыстарды меңгеруге дағдылану. Оқушылардың байқағыштық, есте сақтау қабілеттері дамыту.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету 
Сабақ көрнекілігі: қыс көрінісінің суреттері, мақта, бояу, айна
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен амандасу,
ә) Оқушыларды түгендеу, 
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
в) Психологиялық дайындау.

Ұйымдастыру бөлімі:

Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу сыйлайық!

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3. Кіріспе бөлім

Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылар ауызша қыс туралы көргені бойынша мағлұмат беріп өтеді.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Қыс айларын атап беріңдер?
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қазір қыстың қай айы?

4. Негізгі бөлім

«Көңілді тіл» ертегісі

Ерте-ерте-ертеде, ешкі жүні бөртеде кішкентай  үйшіктің ішінде тіл өмір сүріпті.(Балалар еріндерін үйшік қылып көрсетеді) Арайлап таң атқанда, ұйқысынан оянып тіл тұрады.Есігін ашып шығып, оңға-солға қарайды (сағат) Далаға шығып, таза ауада, таңғы жаттығуын жасайды.(Алтыбақан) .Жаттығудан кейін «Тіл» таңғы асын ішеді.Астан кейін «Тіл» атпен шауып ойнайды.(Ат шауып келеді) . Содан  кейін «Тіл» өлең айтуға кіріседі. Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтайды А-а-а-а-а-, е-е-е-е-е-е, и-и-и-и-и-. Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы жасадыңдар.

Логопед сұрақ қою арқылы оқушылар жауап береді.

Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың  өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады, кейбір аңдар өздерінің түстерін өзгертеді (қыста- қоян ақ түске енсе, көктемде-сұр, жазғытұрым –қоңыр түске өзгереді екен. Қыста көп ұйықтайтын аң қалай аталады?Аю, көктемде ұйқысынан оянады екен.Тиін-қыс азығы жаңғақтар жинап,  ағаштың қуысында өмір сүреді. Ал, енді үй жануарларын айтайықшы (қой, ешкі ,сиыр, жылқы, түйе) Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы не білесіңдер? (қорада тұрады, адамдар оларға жем, су  береді). Қыста қандай құстар мекендеп  қалатынын  білесіңдер ме? (торғай-шыр, шыр етеді, қарға-қарқылдайды, сауысқан-сақылдайды)

Тапсырма: «Құлыншақ құрастыру» (қиылған суреттерден құлыншақты жинау)

Тренинг: «Ине мен жіп»

Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сіздер шешуін табасыздар

Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.  (қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (қырау)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тістеп алады. (аяз)

Балалар, ал осы жұмбақтың шешуінің орысша аудармасын білесіңдер ме?  (қыс-зима, қар-снег, қырау-иней, аяз-мороз.осы сөздерді естігенде біз тоңып кеткендей боламыз, солай емес пе? Ендеше жылыну үшін қимылды жаттығу орындайық.

Тоңса біздің қолымыз,
Қолға киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ соғамыз
Тоңса менің аяғым,
Етік киіп аламын.
Топ-топ-топ
Топылдатып билеймін

Балалар үнемі жылы жүру үшін не істейміз? Киінуіміз керек, қандай киімдер  киеміз? Малақай, қолғап, шарфик, тон немесе куртка. Ендеше  осы аталған  киімдерді өз бетімізше түрлі-түсті бояулармен бояп шығайық. (бояп шығу)

Тапсырма: «Жапалақтап қар жауды» үрлеу жаттығуы

Тапсырма:  «Құм терапиясы» Балалар құмға  күннің бейнесін салып шығады

Күн болып жанайық
Су болып ағайық
Білім нәрін алайық
Әсем әнге салайық!

«Әрқашан күн сөнбесін!» әні орындалады.

Қорытынды:

Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Қош, Сау болыңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама