Желтоқсан қаһармандары

Қызылорда облысы

Төретам кенті

№269 орта мектеп

Сынып жетекшісі: Алтыруова О

 

Тақырыбы:  «Желтоқсан  қаһармандары»

Сабақтың  мақсаты: 

  1. Оқушыларға  еліміздің  тәуелсіздік  алғанына  18  жыл  толуына  байланысты  Қазақстан  туралы  білімін  кеңейту.
  2. Отанды  сүюге,  байлығымызды  қорғауға,  болашақта  Отанымыз  Қазақстанды  өркендетуге  білімді  адамдар  керек  екенін  түсіндіру.
  3. Туған  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  халықтың  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін  сақтап,  оны  әрі  қарай  жалғастырып,  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Н. Ә. Назарбаевтың  суреті,  қанатты  сөздер,  еліміздің  рәміздері.

Түрі:  Брейн-ринг.

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

ІІ. Әнұран  ойналады.

ІІІ. Тәуелсіздік  ата-бабам аңсаған.

   Тәуелсіздік  алғанға  дейін  қазақ  халқы  басынан  небір  қиындықтар  мен  сұрапыл  жылдарды  өткерді.  Соның  бірі – қазақ  халқының  ары  мен  тарихына  өшпес  із  қалдырған  желтоқсан  оқиғасы. 

    Желтоқсан  құрбандарын  1  мин.  үнсіздікпен  еске  алайық. 

    Кешімізді  ашық  деп  жариялауға  рұқсат  етіңіздер.

  • Бүгінгі  біздің сабағымыз  брейн-ринг  түрінде  өтеді. 
  • 1-топ – Мәртебе,  2-топ – Гүлжайнар.
  • Ал,  сайысымыздың  төрешілері  екі  топтың  ұпай  санын  анықтап  отырады.  Біздің  сайысымыз  6  турдан  тұрады:
  1. Тәуелсіздік  шежіресі.
  2. Тапқырлық  сайысы  (10  сұрақ)
  3. Тапсырма:

А)  Тәуелсіздікке  қалай  жеттік?

Б)  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  неге  қол  жеткіздік?

4.  Рәміздерді  білесің  бе?

5.  Сөзжұмбақ  шешу.

6.  Егер  мен  президент  болсам ...

  -  Тәуелсіздік  алу  Қазақстан  халқы  үшін  оңайға  түскен  жоқ.  Оның  айғағы  1986 жылы  16-17  желтоқсанда  болған  жастар  қозғалысы.

 

Топтарға  сұрақ. 

1  тур:

1. ҚР  тәуелсіздігі  туралы  заң  қашан  қабылданды?  (1991 ж)

2. 1992  жыл  (БҰҰ)

3. ҚР  теңгесі  айналымға  қашан  шықты?  (1993)

4. 1995  жылы  30  тамыз  (Ата  заң)

5. Тіл  туралы  заң  қай  жылы  қабылданды?   (1997 ж)

6. 1999 жылы  (Ұлттар  бірлігінің сабақтастығы  жылы)

7. Мәдениетті  қолдау  жылы  болып  қай  жыл  белгіленді?   (2000)

8. 2003-2005  жылы  қандай  жыл  болды?   (Ауыл  жылы)

9. 1994  жылы  30  маусым   (Т. Мұсабаев)

10. 1996  ж  (Қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу)

2  тур: 

Ән. «Қарт  Алатау»

  • Енді  екі  топтың  тапқырлығын  тексереміз.  Ол  үшін  әр  топқа  сұрақтар  беріледі.

1-топ:

1. Ел  ордасы:

2. Бәйтеректің  биіктігі:

3. ҚР  тәуелсіз  деп  таныған  бірінші  ел:

4. Қазақстанның  бірінші  ғарышкері:

5. ҚР  ту  авторы:

2  топ:

1. ҚР – ын  кім  басқарады?

2. ҚР  астанасы  Алматыдан  Ақмолаға  қай  жылы  көшті?

3. Ы. Алтынсарин  кім?

4. ҚР  Елтаңба  авторы:

5. Абайдың  туған  жылы:

3 тур

1-топ:

Тәуелсіздікке  қалай  жеттік?

2-топ:

Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  неге  қол  жеткіздік?

  • Тәуелсіздің  айшықтары  еліміздің  рәміздері.  Келесі  турымыз  рәмізді  сипаттау:
  • Енді  екі  топқа  сөзжұмбақ  беріледі:  (Желтоқсан,  Қазақстан)
  • Сайыстың  соңғы  туры – «Егер  мен  президент  болсам ...»

ІV.  Қорытынды.

  



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)