Өлең, жыр, ақындар

Қар қиыршықтары қандай?/Технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлімі

Жаратылыстану

Тақырыбы

Қар қиыршықтары қандай?

Мақсаты                                                                          

  • қар қиыршықтары мен қардың суға айналуы  т.б. қасиеттері туралы түсінік беру; қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету; 
  • табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу; 
  • ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту; табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құралдар, көрнекіліктер                                                      

ақшақар, ұлпа қарлар, қар қиыршықтары, қыс мезгілінің суреттері, қағаздан жасалған әртүрлі ұлпа қарлар.

Билингвалды компонент

қар - снег, Ақшақар - Снегурочка, Аяз ата - Дед Мороз.

                                                                                                                                                                                                    

Іс- әрекет кезеңі

             Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Ақшақар Аяз атаның сәлемдемесін әкеліп, асығыс шығып кетеді.

Балалардан Ақшақардың тез кетіп қалуының себебін сұрайды, жауаптарын толықтырады.

  • Дұрыс айтасыңдар, Ақшақар жылы жерде ұзақ тұрса, еріп кетеді.

Аяз атаның сәлемдемесін көрсетіп, ішінде не бар екенін білу үшін жұмбақ шешуді ұсынады.

 

Ақшақарды қарсы алып, амандасады, сәлемдемені қабылдап алады.

 

 

 

Өз ойларын ашық айтады.

Ұйымдастыру- іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру- іздестіру

Жұмбақ шешеміз

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

Релаксация

Қағаздан жасалған әртүрлі ұлпақарларды таратады.

  • Ортаға шығып, қар қиыршықтарын алып, оң жаққа, сол жаққа бұрылып, ұлпақарлар болып ойнайық.

Ал Аяз атаның сәлемдемесінде тағы да не бар екенін білу үшін, жұмбақ жасырады.

 

Жұмбақ шешеміз

Көлді жапқан қақпа

Сіресіп тұр қатты-ақ.

(Мұз)

Сәлемдеменің ішінен мұз бөлшектерін алып көрсетеді. (мұз бөлшектерін арнайы ұстағышпен ұстайды)

 

«Не болды, не өзгерді?» тәжірибесін жасау

Тәрбиеші қарды қолға алып, оны қысып, қар кесегіне айналдырады; ыдыстағы жылы суға салады, ерітеді.

Әр әрекетті жасаған сайын, балалардан не байқағандарын сұрайды.

 

 

Сергіту сәті

Қар жауады оң жақтан,

Қар жауады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

 

«Қар қиыршықтары қандай?» сөздік ойыны

Тәрбиеші допты лақтырып, қарға қатысты сөздерді айтқызады.

  • Мұз бөлшектерін, қарды аузымызға салуға бола ма? Неге?

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындатады.

«Ұқсастығын тап» дидактикалық ойыны

Қарды түсі ұқсайтын затпен сызып қосуды ұсынады.

«Қар ұлпаларының жұбын тап»

Суреттегі ұлпақарларды салыстырып, көлемі, түсі бірдейлерін таупы, бір-бірімен қосуға тапсырма береді.

«Мұзда қалай ойнаймыз?» дидактикалық ойыны

Екі суреттің қайсысы дұрыс екендігін сұрайды:

  •  мұз айдынында балалар ұқыпты ойнап жүр;
  •  балалар төбелесіп, бір-бірін итеріп жатыр.

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

Ұлпа қарларды ұстап көреді.

 

 

Әуен ырғағымен айналып билейді.

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

 

Мұз бөлшектерін бақылайды.

 

 

 

Табақшаның ішіне қарайды. Су пайда болғанын айтады.

 

 

 

 

 

Сөздерін қайталап, сәйкесінше қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

Қарға қатысты сөздерді айтады.

 

 

 

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

 

Түсі қарға ұқсайтын затты табады.

 

 

Ұлпақарларды салыстырады.

 

 

 

Суреттегі балалардың дұрыс әрекетін табады, түсіндіреді.

Рефлексивті- түзетушілік

Қорыту

«Қарама-қарсы» дидактикалық ойыны

  • Қар жұмсақ, мұз ...
  • Қар жеңіл, мұз ...
  • Ақшақарды топта қалтырмай Аяз атаға жібергеніміз дұрыс болды ма? Неге?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

 

 

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып айтады.

 

Өз ойларын білдіреді.

 

 

 

Күтілетін  нәтиже:                                                                                                                                                                                       

Нені  білуі  керек

қар қиыршықтарын бақылап (мұз қатты, тайғанақ, жылы жерде жылдам ериді), шешім жасауды.

Нені  игереді

табиғатқа қызығушылықпен қарауды.

Нені  біледі

мұз айдынында, тайғақта қалай ойнау керектігін.

 

 


Пікірлер (2)

Айнаш

Маған *қар киыршықтары неден құралады*деген осы керек!!!!!!!!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз