Өлең, жыр, ақындар

Бактериялардың түрлі пішіндерін сипаттау

Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қаласы

 7.4 E: Микробиология

Кіріспе сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың түрлі пішіндерін сипаттау.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аймұханов Н.М.

Сынып: 7

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты

7.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алуы керек:

  • Бактериялардың құрамдас бөліктерін атай алады.
  • Сурет бойынша бактерияның 4 пішініна нықтайды.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Микроорганизм, бактерия, кокка, спирилла, вибрион, бацилла

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестеріМикроағзалар дегеніміз...................Олардың  бірі-бактериялар. Бактериялар пішіндеріне қарай.............бөлінеді.

Құндылықтар-ды дарыту

 

Микрооағзаларды еске түсіру, мәтінмен, суретпен жұмыс жасау арқылы.

Өмір бойы оқу; қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау арқылы.  Академиялық шыншылдық; жұптық жұмыс кезінде өзіне және айналадағыларға құрмет

Пәнаралық байланыстар

Химия, физикамен бактерияның химиялық заттары мен температураға төзімділігі туралы білім арқылы байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс, интернет желісімен жұмыс

Алдыңғы білім

6 сыныптан микроағзалар туралы біледі.

Уақытша жоспарлау

Сабақта жоспарланған қызметтер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 мин

 Сәлемдесу. Ынтымақтасу атмосферасын қалыптастыру

Ой қозғау. «Word Grab» ойыны. Оқушылар 3-4 оқушыдан шағын топтарға бөлінеді. Барлық топқа келесі терминдер беріледі: микрооағзалар,бактерия,бацилла,стафилакок. Ойынды бір оқушы сағат тілі бойынша бастайды. Ол оқушы бір сөзді іштей таңдап, қалған оқушыларға сипаттайды (терминді атамай). Басқа оқушылар сипаттамаға сәйкес келетін терминді анықтап, басқалардан бірінші болып сол сөзді қолымен алу керек. Бірінші алған оқушы ойынды жалғастырады.

ОМ, ЖК үлестіріледі. ОМ тақтаға ілінеді.

 

Сабақтың ортасы

5-9 минут

 

 

 

 

10-12 минут

 

 

13-15 минут

«Жасырынбақ» ойыны. Оқушылардың қолына бактерия жасушасының таңбаланбаған сызбасы беріледі, ал тақтада бактерия жасушасының таңбаланған суреті 1 минутқа көрсетіледі, сосын жасырылады. Оқушылар сызбаны белгілейді.

Өзара тексеру өтеді. 9 құрылымнан ең кемі 7-еуі дұрыс таңбаланғаны «Жетті» болады.

Сергіту үшін оқушылар бір уыс топыраққа «саяхат жасауға» шақырылады. «Город бактерий» бейнефильмі көрсетіледі. Қысқаша талдау

ØБактериялардың формалары туралы терминдер, мәтін, суреттер бірге таратылады.

Бактериялар пішіні түрліше болады:

  •  коккалар;
  • таяқша тәрізділер — бациллалар;
  • үтіртәрізділер — вибриондар;
  •  спириллалар.

Шартәрізді бактериялар:

  • бір-бірден орналасса-коккалар, 
  • екіден орналасса – диплококкалар;
  • төртеуден -  тетракоккалар;
  • тізбектеліп орналасса – стрептококкалар,
  • жүзім салқымы тәрізді болса — стафилококкалар

Бактерия жасушаларының әртүрлі пішінді болуы - оларды жіктеудің негізі болып табылатындығы талқыланады. Оқушылар бактериялар формаларымен танысады.

 

 

 

Қосымша 3

 

16-21 минут

22-24 минут

 

25-34 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35-38 минут

ØҚалыптастырушы бағалау жұмысы.

Өзара тексеру

 

(З) Зертханалық жұмыс. «Пішен таяқшасын микроскоппен қарау»

Мақсаты: таяқша тәрізді бактерия «пішен таяқшасының пішінін зерттеу»

Жұмыс барысы:

 1. Бір –екі апта бұрын өсірілген пішен таяқшасы културасы.

 2. Заттық шыныға 1 тамшы су тамызыңдар.

 3. Пішен таяқшасының бетінен кілегейден сапты инемен бір тамшы алыңыз.

 4. Бактериясы бар тамшыны заттық шыны үстіне жағыңыз.

 5. Жабын әйнегімен жабыңыз.

 6. Микроскопта жарықты баптап уақытша препаратты қараңыз.

 7. Өзіңіздің көрген пішен таяқшасын сипаттап,дәптерге суретін салыңыз.

Бекіту: Мұғалім бактериялар туралы презентация және деректер (бейнефильм) көрсету арқылы сабақты қорытады.

Түйнек бактериялары. Кейбір бактериялар ауадағы азотты сіңіреді, топырақты азот қосылыстарымен байытады(оған түйнек бактериялар жатады). Олар беде,жоңышқа,соя сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен себесіп тіршілік етеді.

 

 

 

микроскоп, заттық шыны, сапты ине, жабын әйнегі, тамшуыр, пішен таяқшасы

 

 

 

 

Деректер: Бактерия (қазақ тілінде)

 

 

Түйнек бактериялары

Сабақтың соңы

39-40 минут

Кері байланыс  «4 себеп» әдісі арқылы.

  1. Мен түсіндім, себебі ...
  2. Мен түсінбедім, себебі ...
  3. Мен қолдана аламын, себебі ...
  4. Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс

Оқушылар пікірлерін айтады.

 

Үй тапсырмасы: Пайдалы бактериялар туралы әртүрлі мәліметтер жинау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қосымша қолдауды қалай жоспарладыңыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмаларды беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар: Бактерияларды формаларына сай бөле алады;

Көпшілік оқушылар: Бактериялардың формаларын және сызбаларынан құрамдас бөліктерін атай алады;

Кейбір оқушылар:Бактериялардың формаларын сипаттай алады.

(1) Түрткі болатын сұрақтарға жауап бере алады. 

(2) Сызбалар арқылы бактериялардың пішімдерін, құрамдас бөліктерін атап, топтастыра алады.

(3) Өз бетімен зерттеу жұмысын жасай отырып бактерияның құрамдас бөліктерін, атқаратын қызметтерін анықтай алады.

Сабақтың мақсаты/оқу мақсаты дұрыспа? 

Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? 

Оқу атмосферасы қандай болды? 

Мен дифференцияланған жұмысты сәтті  дайындай  алдым  ба?

 Мен уақытты сақтадым ба?

 Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және  қандай?

Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды баға

Ең табысты екі сәті қандай еді (білім беру мен оқуды қараңыз)?

1:

2:

Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)?

1:

2:

Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін.


Пікірлер (2)

Бактериялардын пишини

Айтып кетинз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер