Жердің тектоникалық құрылымы

                                                                                       Мектеп: №76 Л.Шахатов орта мектебі

Күні:                                                                              Мұғалімнің аты жөні:Кусайнова.А.У

Сынып: 7б                                                                    Қатысқандар:23        Қатыспағандар:2

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Жердің тектоникалық құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.2 -Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуын картадан көрсетіп, сипаттау;

Сабақтың мақсаты

 

Барлық оқушылар:

Жердің тектоникалық құрылымын біледі

Оқушылардың басым көпшілігі:

Литосфералық тақталардың орналасуын картадан көрсетеді

Кейбір оқушылар:

Литосфералық тақталардың қозғалысын суреттеп,сипаттай алады.

Бағалау критерийі

 

Картадан ірі литосфералық плиталарды табады және кескін картаға  түсіреді

Литосфералық плиталардың қазіргі қозғалысын картадан  анықтап, талдау жасайды

 

 

Тілдік мақсаттар

 

Оқылым,айтылым дағдысы: Литосфералық плиталардың қозғалыстарын оқып, танысады, әңгімелейді.

Тыңдалым дағдысы: Бейнероликтерді,топтық жұмыс кезінде бір-бірін тыңдай алады.

Жазылым дағдысы: Кесте толтырып, кескін картамен жұмыс жасай алады

Тақырыпқа қатысты термин сөздер: Литосфералық тақталар теориясы, ажырау шекарасы, соқтығысу шекарасы, рифттер.

Диалогқа/ жазылымға  қажетті тіркестер:

Литосфералық тақталар теориясын ұсынған кім?

Рифттер қандай литосфералық тақталарда көп кездеседі?

Құндылықтарға баулу

 

Мәңгілік ел идеясының құндылықтарын қалыптастыру. Оқушының бойында: «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген  сындарлы және жауапты ішкі саясаты» мәнін ұғындырады.

Пәнаралық байланыс

  Химия – жердің тектоникалық құрылымы, химиялық құрамы

 Физика –жердің беті сыртқы және ішкі процестердің әрекеті

Алдыңғы білім

 Литосфералық тақта ұғымын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Сергіту сәті»

Оқушылар сыныпта еркін орын ауыстырып қозғалады.Мұғалім нұсқауымен орнында тұрып алдындығы, оң жағындағы, сол жағындағы  оқушыларға ретімен  бейнелеп көрсетеді.

Топқа бөлу.

Материк және мұхиттық литосфералық карталар деп бөлінеді.

Ол үшін нысандар беріледі, Марианна шұңғымасы - мұхит тобы т,б

Сергіту сәті мен топқа бөлінудің мәні – литосфералық тақталар қозғалады, орын ауыстырады және материктік, мұхиттық болып ажыратылатынын әңгімелеу

 

 

Смайликтер.

 

 

 

Сабақтың ортасы .

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Психологиялық ахуал орнату арқылы сабақтың тақырыбына шығу:

Жаңа сабақты бастау үшін оқушылардың назарын видеокөрініске  аударып, бұл арқылы не байқағандарын сұрай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды:

(Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?

Жер қыртысы қандай литосфералық тақталардан тұрады?)

Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Бас бармақ » тәсілі арқылы бағалайды.

ІІІ. «Тыңдап отырған үштік» әдісін ұйымдастыру.

1-тапсырма: Кескін картамен жұмыс. Литосфералық тақталардың шекараларын, негізгі  қатпарлы аймақтарын түсіреді. Оқушылар келісе  отырып тілші, шешен, хатшы  жұмыстарын атқарады.

    Тыңдалым, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастырады

Критерий      

Дескрипторлар

Атлас карта арқылы жоспар  бойынша  литосфералық  тақталарды анықтайды.

 

1.Тақталардың аттарын атай алады

2.Тақталардың шекараларын анықтап көрсете алады

3.Тақталардың қозғалу әрекеттерін пайда болған нысандарды атап көрсетеді  

4.Тақталардың қозғалу бағытын дұрыс көрсете алады.

2-тапсырма. «Санадағы кинофильм»әдісі

Оқушылар көздерін жұмып отырады. Мұғалім қысқа мәтін оқиды. Ақпаратты көз алдарына келтіреді. Оқушылар ақпаратты одан әрі  жалғастырып, кейін бір-біріне әңгімелейді .

Мұғалім: Мантия - балқыған, қоймалжың күйде болады. Мантиядағы тау жыныстарында температура жоғары төмен өзгеруінен ....

Сызбасын сызып көрсетеді.

Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады. Жеке әр оқушыға кері байланыс беріліп отырылады.

Критерий

Дескрипторлар

Тақталар қозғалысын суреттейді.    

1. Ажырау қозғалысын суреттеді.

2. Материктік тақталардың соқтығысу қозғалысын суреттеді.

3. Мұхиттық және материктік тақталардың соқтығысу  қозғалысын суреттеді.

3-тапсырма « Кабинет модельдерін құрастыру» әдісі

Эралардың атауын, тіршілік дамуын суреттер арқылы беріп тастап, геохронологиялық кесте құруға тапсырма беру.

Сүтқоректілер суреті - Кайназой эрасы.

Бағалау. Бірін-бірі тексеру кезінде смайликтер арқылы бағалайды.

4-тапсырма. СТО тапсырмаларын бер.

Б.Литосфералық тақталар теориясын ұсынған кім?

Т.Материктік,мұхиттық жер қыртысы құрылымын әңгімеле.

Қ.Картадан литосфералық тақталарды анықта

Т.Неге рифттер ажырау шекарасы депаталады.

Ж.Гранит қандай тау жынысы,тұжырым жасаңыз.

Б.Еліміздің жер құрылымына баға бер.

Дарынды оқушыларға қазіргі кезде болып жатқан литосфералық тақталардың қозғалысын анықтап, жылдамдығын әңгімелейді.

Скандинавия түбегі жылына 1 см көтерілуде. Жерорта теңізі аумағы шөгіп бара жатыр. Солтүстік Америка мен Еуропаның Атлант мұхитымен жапсарлас бөлігі көтерілуде.

Егер литосфералық плиталардың келешектегі ығысу бағыттыры бұрынғыша сақталатын болса Австралия солтүстікке қарай жылжи отырып көптеген өзгерістер болады. Ал Үнді  плитасы Орталық Азияны  тықсырып Гималай, Тибет, Тянь-Шань Памир таулары одан әрі биіктей түсуіне әсерін тигізуі мүмкін.Ал Оңтүстік Америка солтүстік–батыс бағытта жылжи отырып, Солтүстік Америкаға жақындай түседі.

Критерий

Дескриптор

Тапсырмаларды орындайды

1 – сұрақты орындады     

2 –сұраққа жауап берді

3-сұраққа жауап берді

4-сұраққа жауап берді

5-сұраққа жауап берді

6-сұраққа жауап берді

Топтар қол шапалақтау әдісі арқылы бағаланады.  

   

Тақталар тектоникасы»

https://twig-bilim.kz/film/structure-of-the-earth-5403/

/3 минуттық көрсетілім/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет

7 сынып Атлас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жердің тектоникалық құрылымы»

 

https://twig-bilim.kz/film/plate-tectonics-5413/

/3 минуттық көрсетілім/

Карта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер, үлестірме қағаздар

Үлестірме қағаздар

 

Сабақтың соңы

 

IV.  Кері байланыс. Өрмекші торы

Рефлекция.  «Бес саусақ» әдісі

Бес саусақ суреті

Саралау-Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін, қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Қабілеті жоғары оқушылар сабақ барысында тапсырмалар орындауда белсенділік танытады және ізденіп,өз бетімен білім алуын жақсарту

үшін берілген қосымша,деңгейлік тапсырмаларды жеңіл орындайды.Қосымша тапсырмалар береміз.

 Қабілеті төмен оқушылар жұптаса отырып,сыныптасының ықпалына сүйене алады.

Акт пайдалану арқылы есте  сақтау қабілетін жақсартады.Оңай тапсырмаларды ,әр түрлі әдістер беру арқылы қызығушылығын арттырып,оңай иапсырмадан біртіндеп қиын тапсырмалар орындауына жетелейміз.

Бағалау критерийлері әрбір тапсырмада оқушылардың білімін тексеру үшін ғана емес, сонымен қатар, оқыту үшін бағалау ретінде көрсетілген.

Критерийлер тапсырма сайын беріліп отырады.Бас бармақ,смайликтер,қол шапалақтау әдістері арқылы бағаланады.Оқушыларға тапсырма орындау барысында кері байланыс беріліп отырады

АКТ- мен жұмыс жасау бұл сабақта тек мұғалімнің презентациясы пайдаланылған.

Бірақ кейбір топтар постердің орнына презентация дайындап көрсетуге болады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)