сайыс
ozgetil.kz

Францияның шаруашылығы

Сабақ жоспары

САБАҚ: Ашық сабақ

Мектеп: № 25 Г. Титов жом

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аджиханов Кайрат Калыбайович

Сынып: 11 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ  тақырыбы

Францияның шаруашылығы

Оқу мақсаттары

Оқушыларға Францияның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, экономикалық байланыстары туралы білу.
Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрену, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Сабақ мақсаттары

А. Франция өнеркісібі туралы біледі. 
В. Шаруашылық түрлерінің орналасуын картаға түсіріп, көрсете алады. 
С. Сыртқы экономикалық байланыстары мен ерекшеліктерін ажыратып, талдайды

Тілдік  мақсаттар

Оқушылар істей алады: кескін картамен жұмыс жасайды, картадан орналасуын көрсетеді, жұмыс жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: көлік, шаруашылық, карта

Диалог пен жазуға  пайдалы сөз тіркестері: Франция жерінің ауданы Ұлыбританиядан       .......... есе.........

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

А. Франция өнеркісібі туралы біледі. 
В. Шаруашылық түрлерінің орналасуын картаға түсіріп, көрсете алады. 
С. Сыртқы экономикалық байланыстары мен ерекшеліктерін ажыратып, талдай

Құндылықтарды  дарыту

Ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа

Пәнаралық  байланыстар

тарих

АКТ қолдану дағдылары, ресурстар

Тақырыпқа байланысты слайд, флипчарт, маркерлер, портреттер, стикерлер 

Бұған дейін алынған білім

Франция жайлы жалпы мәлімет

Сабақ  барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

 

 

Сабақтың басталуы

10 мин     

 

 

 

 

Психологиялық ахуал. Сыныптың топқа бөлінуіне ықпал жасау.
Мұғалім оқушылармен амандасады.
Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.
Топ аттарына байланысты сөйлемді оқи отырып топқа бөлінеді.
Назарларын сабаққа аудару.
Бүгінгі күндегі көңіл-күйлерін басбармақ, бес саусақ, үш саусақ арқылы білдіреді.
Топқа бөлінеді. Нәтижесінде: оқушылар сәлемдеседі, көңіл күйін басбармақ, бес саусақ, үш саусақ арқылы көрсетеді.
«географиялық диктант» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру
Үйге «Франция» оқып келуге берілді. Географиялық диктант жазады.

 1. Франция жерінің ауданы Ұлыбританиядан екі есе үлкен.
 2. Француз қоғамдастығы деп аталатын бірлестікке алты шалғай департамент және шалғай аумақтар жатады.
 3. Француздар өз елін атын парламент«гексагон» деп атайды.
 4. Францияның солтүстігінде Бельгия мен Люксембургмемлекеттерімен шектеседі.
 5. Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы арқылы өтеді.
 6. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен федерациялық республика болып табылады.
 7. Заң шығарушы орган – бір палатадан тұр.
 8. Ел тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтылығы ер адамдар үшін 74 жас, әйелдерде 78 жас.
 9. Халқының ұлттық құрамы салыстырмалы түрде біркелкі.
 10. Экономикалық аудандарының орталықтары: Лион, Марсель, Виши, Ницца

1. Жерінің ауданы 551-мың км2, халықы 64,1 млн адам;
2. Францияның шығыстағы көршілері;
3. Францияның теңіздік шекаралары;
4. Па-де-Кале бұғазы;

Оқушылар географиялық диктантқа жауап береді.
 1. Иә
 2. Жоқ
 3. Иә
 4. Иә               
 5. Иә
 6. Жоқ
 7. Жоқ
 8. Жоқ
 9. Иә
10. Жоқ
Дескриптор
Франция жайлы біледі
Жерінің ауданын кескін картада көрсетері
Нәтиже: Оқушылар өз білімдерін және бірін-бірі тексереді. Оқушы мен оқушы, мұғалім арасында диалог құрылады.Франция мемлекеті
Германия мен Швейцария
Жерорта теңізі, Бискай шығанағы, Ла-Манш бұғазыҰлыбритания мен Франция аралығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

25 мин

 

Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша қызығушылықты ояту

«Жұптас,ойлан, бөліс»,

«Ментальді карта» әдісі.

Атлас картамен жұмыс

Әрі қарай қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға Франция мемлекеті жайлы сұрақтар қоямын.

1. Халқының саны бойынша дүниежүзі бойынша нешінші орында? 20 орынды

2. Францияға жылына қаншаға жуық туристтер келеді?80 миллионға жуық адам

3.Мешеу елдерге көрсетілетін қайырымдылық мөлшері жөнінен Франция нешінші орында? 3 орынды

4. Ел тұрғындарының өмір сүру жасының орташы ұзақтығы ер және әйел адамдарында қанша? Әйелдер 83, ер 61

5. Ел тұрғындарының қанша % француздар? 90%

6. Наполен Банопарт дүниеге келген аралды ата? Корсика

Жаңа сабақ «Францияның шаруашылығы» тақырыбын оқу.

«Жұптас, әңгімеле» оқушылар оқығанын бір-біріне әңгімелеп береді.

Мәліметтерді жинақтайды және өз ойлары туралы қысқаша тізім жасайды. Жұппен жұмыс жасау, топпен жұмыс жасау.

Ментальді картамен жұмыс жасау.

Оқулықта айтылған мәліметтерді оқи отырып картамен жұмыс атқару.


«Метальді карта» әдісі бойынша мәліметтерді толықтырады, бір-бірін тексереді, жұмыс жүргізеді.

Нәтиже:Оқушылар мәтінді оқиды. Тақырып бойынша мағлұмат алады, бірін – бірі толықтырады, пікір алмасады. Жұмыстарын талдайды, қорғайды. Атлас картамен жұмыс атқарады.

Әр топ бірін бірі бағалайды.

Өзін-өзі бағалауы

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

Картаны және оқулық мәтінін пайдаланып, оқушыларға мемлекет бойынша сұрақтар қойылады.

Кескін картамен жұмыс

Мұғалім оқушылардың ой-пікірін, талдауын тыңдап, кеңес береді.

1. Франция шаруашылығының дамуына қандай факторлар әсер етті?
2. Франция мен Ұлыбританияның өнеркәсіп құрылымында қандай айырмашылықтар бар?
3. Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын қандай бағытта дамытуға болады деп ойлайсыңдар?

Елдің аса ірі жол тораптары мен порттарды белгілеу. (Кескін картамен жұмыс)

Нәтижесінде: Тапсырма орындау барысында қызығушылықтары артады, ізденеді, өз ойын білдіреді.

Бүгінгі сабақты түсінгендігі жайында кестені толтырады.

Нәтижесінде: Өз ойларын дәптерге түсіреді
Параграфты оқу. Кескін картамен жұмыс

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат

 

Саралау  Дифференциация – Сіз оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай  тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

тірек –сызба, картамен жұмыс, өзіндік жұмыс дәптері

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Жұптас,ойлан, бөліс»,

«Ментальді карта» әдісі.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

Пайымдаулар (Рефлексия)

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар не нәрсеге үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме?

Мен уақыттық кестені ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?

 

 

Қорытынды бағамдау

Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екі жайтты атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1:

2:

Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)