Ал, қанекей, жігіттер!

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Састобе пөселкесі
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Саз жетекшісі: Магзум Гулбаршын

Жігіттер сайысы.
Тобы: Мектепалды даярлық тобы «Қарлығаш»
Тақырыбы: «Ал, қанекей, жігіттер!»
Көрнекілік: әр бөлімге (сайысқа) қажетті барлық құрал жабдықтар.
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, батылдыққа, татулыққа, өнерпаздылыққа баулу.
Ашылуы: Би «Қыпша бел»
Орындаушылар: «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері
1. Айсұлу
2. Кәусәр
3. Кәусәр
4. Ақерке
5. София
6. Алуа
Саз жетекшісі: Бала деген өмір нұры, шырағы,
Бала өмірдің таусылмайтын жыр әні,
 Бала өмірдің сарқылмайтын бұлағы,
Аймаласа оттай ыстық құшағы.

Армысыздар құрметті аяулы аппақ ұстаздар мен ата аналар, қонақтар және күлкілері сыңғырлаған, тілдері тәтті балғын бөбектеріміз. Талантты тәрбиеленушілеріміздің өнерін, ән шашулары мен мың бұралған билерін назарларыңызға ұсынамыз. Бүгінгі біздің «Ал, қанекей, жігіттер!» тақырыбында өтілейін деп жатқан ұйымдастырылған ашық оқу қызметіне қош келдіңіздер.  Олай болса алты сері жігіттеріміздің өнерін жан жақты тамашалап, қошеметтеп, демеп отыруларыңызды сұранамыз. Қатысушыларымызға қойылатын тапсырма талаптармен таныстырып өтейік.
1. Өзін таныстыру.
2. Үй тапсырмасы (сайыскерлердің қол өнерлерін тамашалау).
3. Сұрақ-жауап.
4. Өнер сайысы.
5. «Кім епті, кім жылдам?» ойын сайысы.
6. Спорттық бәсеке.
7. Өз аспабыңды тап (музыкалық аспаптар туралы қысқаша сипаттау).
8. Жұмбақ шешу.

Олай болса әділ қазылар алқасын ортаға шақырып танысып алайық (музыка ойналады).
1. Балабақша меңгерушісі Бердибаева Күлшарипа Қуанышқызы
2. Балабақша әдіскері Аяпова Балхия апай
3. «Бүлдіршін» тобының тәрбиешісі Қалықұлова Нұрлайым апай
4. Ата ана Орынбаева Закира Махұлқызы

Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырайық, қол соғып қошеметпен қарсы алайық. (ортаға 6 жігіт шығып, сандықшадан нөмір алады, нөмірлері бойынша эмблемалары тағылады).
1. Кеңесбай Дінмұхаммед
2. Бостанбек Нұрдәулет
3. Қосмұрат Әділет
4. Балғабек Дінмұхаммед
5. Нұрхан Дидар
6. Жаханша Сұңғат
Сайыскерлерімізден орындарына жайғасуларын сұранамыз.

Ал, қанекей, жігіттер!
Болып бүгін үміткер,
Өнер, білім, ән бимен
Таңқалдырып көріңдер.
Сәттілікті тілеймін,
Алға жүрер үміткер.
Таныстыру кезеңін,
Бастаңыздар жігіттер!- дей келе сайысымыздың бірінші кезеңі «Өзін таныстыру» бірінші нөмірлі сайыскерімізді ортаға шақырамыз.

1. Кеңесбай Дінмұхаммед
Мен ер едім, ер едім
Ен даладай кең едім
Ұлы жүзден тараған,
Елім байыс төре едім,
Тегім – Кеңесбай, атым – Дінмұхаммед
Қанат ұлы – мен едім.

2. Бостанбек Нұрдәулет
Тұрамын Састөбедей сән ауылда,
Бақшам бар «Қарлығаштай» бауырында,
Өнерімді сынауға мен де келдім,
Бас иіп сәлем берем бар қауымға

3. Қосмұрат Әділет
Армысыздар отырған көрермендер,
Өнер,білім жолында көгергендер,
Ат терлетіп атым Әділет мен де келдім
Әділ баға берер деп көрегендер.

4. Балғабек Дінмұхаммед
Тәрбиеленіп «Қарлығаш» бақшасында,
Өсіп келем апайлардың арқасында,
Анам менің тәрбиеші бақшамда,
Ал әкешім жұмысшы ғой заводта.
Дінмұхаммед атым менің рас болса,
Менің де қолым жетер бір ұтысқа.

5. Нұрхан Дидар
Даңқың елдің көтерем,
Әнмен,күймен,бименен.
Ақылым алға жетелер,
Биік шыңға жетер ем.
Әділ қазы береді,
Мына бізге билікті,
Сайыста кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты.

6. Жаханша Сұңғат
Мәпелеген, өсірген,
Бізді ата-анамыз.
Білім туын көтерген,
Тәрбиелі баламыз.
Сұңғат деген баламын,
Ақылын көптің аламын,
Әдептілік сақтаймын,
Міне осындай баламын.

Бәрекелді енді «Өзін таныстыру» кезеңі бойынша әділ қазылардың ұпайларын білейік. (сайыскерлердің аты аталады, ұпай сандары көрсетіледі)

Келесі кезең «Үй тапсырмасы», яғни қол өнерлерін тамашалаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, кезекті биге берейік. (сайыскерлер шығармашылық орталыққа барып ою қырқып жапсырады)
«Испан » биі
Орындаушылар: «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері
1. Айым
2. Томирис
3. Аяжан
4. Қарақат
5. Ақерке
6. Милана
Жігіттеріміз дайын болса, жасаған қол өнерлерін алып, ортаға келсін. (әр қайсысы жеке жеке жұмыстарын қысқаша түсіндіреді). Үй тапсырмасы бойынша әділ қазылардың бағасын білейік.
Бәрекелді, рахмет.
Біз енді балалардың білімін сынағымыз келіп тұр, яғни , «Сұрақ –жауап». (қатысушылар қоржыннан асық алады, алынған асықтың нөміріне қарап билет алады да, сұрақтарға жауап береді).
Сұрақ-жауап бойынша әділ қазылардың ұпайларын білейік.
Келесі кезең «Өнер сайысы», сайыскерлер дайындалғанша, ортада «Жорға» биі. Қарсы алыңыздар.
Орындаушылар: «Балдырған тобының» тәрбиеленушілері
1. Асқар
2. Азамат
3. Даниял
4. Жамбыл
Бәрекелді, балалар, көп рахмет! Ал біздің серілеріміз дайын болса, ортаға

1. Кеңесбай Дінмұхаммедті шақырамыз (Валсь биін билейді жұп болып)
2. Бостанбек Нұрдәулет (Брэйк биін билейді)
3. Қосмұрат Әділет (Аналар әнін орындайды)    
4. Балғабек Дінмұхаммед (Қара жорға биін билейді)
5. Нұрхан Дидар (Қара жорға биін билейді)
6. Жаханша Сұңғат (РЭП биін билейді)

Рахмет, балалар, «Өнер сайысы» бойынша әділ қазылардың бағасын білейік.
Ойнайық та, ойлайық – демекші «Кім епті, кім жылдам», яғни ойын сайысы, сайыскерлерімізбен ойын ойнаймыз.Ойын сайысының шарты және ережесімен таныстырып өтейін. Олай болса үміткерлер дайындалып келгенше, кезекті әнге берейік. «Қарлығаш»  тобының тәрбиеленуші ару қызы Айсұлуды  «Ертегілер» әнімен қол соғып қошеметпен қарсы алайық. (ән орындалып жатқанда, ортаға 6 орындық, 6 машина ойыншық «Камаз» қойылады және ойынға музыка дайындалады).

Жарайсың Айсұлу, көп рахмет, өнерің үстем болсын!
Ортаға жігіттер шығып 6 орындыққа отырып, камаз көлігін кім тез жібінен тартып , өзіне қарай жақындатса сол бала жеңімпаз болады.  
«Кім епті, кім жылдам» сайысымыз бойынша ұпайларын білейік.
Ал, енді, құрметті көрермендер «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген бар емеспе, олай болса келесі сайысымыз «Спорттық бәсеке» жігіттеріміздің күшін сынап көрелік. (музыка ойналады)
1.  Кеңесбай Дінмұхаммедті  (нысананы дәлдеу, аунап келіп себетке доп салу, жерден тартылу)
2.  Бостанбек Нұрдәулет (кір көтереді, груша ұру, айналып тебу,секіріп тебу,шпагатқа отыру)
3.  Қосмұрат Әділет (пресс жасау, 2 қолын басына қойып отырып-тұру,қызыл гантельді көтеру)    
4.  Балғабек Дінмұхаммед (штанга көтеру, допты себетке салу, 2 қолына кі көтереді)
5.  Нұрхан Дидар (4 бұрыш нысаналардан мөшекпен секіріп  айналып жүгіреді, баспен аунау, жерден тартылу)
6.  Жаханша Сұңғат (1 қолдан 2 қолға ауысып жерден тартылу, қабырғаға секіріп тік тұру, 2 қолды жерге тіреп, жанына қарай аунап секіру)

Жарайсыңдар жігіттер сендер қатты шаршаған боларсыңдар, олай болса сәл сергіту биін орындап жіберейік. Сергіту сәтінен кейін әділ қазылардың бағасын білеміз.

Ендігі кезекті әсем әнге берейік .«Бүлдіршін» тобының тәрбиеленушілерінің орындауында ән «Не деу керек» орындаушылар
1. Сабина
2. Зарина
3. Арай
4. Ару
5. Нұрай
6. Диана
Рахмет, балапандар! Ал енді келесі кезең «Өз аспабыңды тап»
(стөлдің үстіне 1 шетте нөмірленген музыкалық аспаптар тұрады) сайыскерлер нөмірлері бойынша кезек кезек аспаптарды алып қысқаша сипаттап, әңгімелеп береді.Бұл сайыс бойынша қазылардың ұпайын білу.
Рахмет, мен ортаға «Балауса» тобының қыздарын шақырамын. Қыздардың орындауында ән «Нота үйренейік»
Бәрекелді, рахмет! Өнерлерің өссін.
Мінекей құрметті көрермендер, ата-аналар сіздердің балаларыңыз , біздің тәрбиеленушіміз. Балапандарымыздың осындай өнерлері бар. Ал енді біз қазылар алқасына сөз кезегін берейік. (Қазылар алақасы 1,2,3 орындарға лайықты балалардың атын атап, мақтау қағаздары мен сыйлықтарын береді)
Бәрекелді осымен бүгінгі жігіттер сайысы  жақсы өтті, қош сау болыңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)