Өлең, жыр, ақындар

Адам эволюциясының кезеңдері

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
«Кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының
№3 Явленка орта мектебі» КММ
Биология пәнінің мұғалімі: Таирова Алтынгуль Хамитовна

Сабақтың тақырыбы

Адам эволюциясының  кезеңдері

 

9 сынып

 

Күні: 06.04

Мұғалімнің аты- жөні: Таирова Алтынгуль Хамитовна

Сабақ негізделген  оқу мақсаты:

Адам эволюциясының кезеңдерін атап, сипаттай білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

 

Ертедегі, ежелгі және осы заманғы адамдардың ерекшеліктерін, олардың  қаңқа қалдықтарының құрылысын,  өмір сүру мәдениетін сипаттайды

Оқушылардың басым бөлігі:

Адамның тірі организмдердің ең биік сатысына көтерілуі еңбектің арқасы екендігін айта отырып, адам эволюциясының факторларын талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Адамның дамуына әсер еткен факторлардың маңызы мен ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, дәйектер айта алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар: тілдік құзіреттілікті қалыптастыру

 

Негізгі сөздер мен  тіркестер:

Ежелгі адамдар (архантроптар)

Ертедегі адамдар (палеоантроптар)

Қазіргіадамдар (неоантроптар)

Сыныптағы  диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға  арналған тармақтар:

Адамның даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?

Адам эволюциясының факторларын атаңдар?

Ежелгі адамдар шығу тегі құрылысы немен айналысады?

Ертедегі адамдар шығу тегі құрылысы, немен айналысады?

Қазіргі адамдар шығу тегі құрылысы, немен айналысады?

Сіз  неліктен ... екенін айта  аласыз ба?

Неліктен адам жануар әлемінен шықты деп атаймыз?

Неліктен адамда адам еткен еңбек деп атайды?

Неліктен әлеуметтік факторлар деп аталады?

Жазылым  бойынша ұсыныстар

Алдыңғы оқу

«Көпір» кезеңі үй жұмысын тексеру, Кесте толтыру, кластер құру, «Сиқырлы сандар», «Менен-сұрақ, сенен-жауап» топтар бір-біріне сұрақ қояды.

 

Жоспар

 

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

2 мин.

 

 

 

10 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы тақырыптың мазмұнын ашу

20 мин.

 

Психологиялық  ахуал

Оқушылар шеңберде тұрып, бір-біріне сабаққа сәттілік тілеп, жақсы сөз айтады.

Өткен материалды қайталау

«Көпір» кезеңі

Ø Парапитектердің тіршілік еткен уақыты? Құрылыс ерекшеліктері қандай?

Ø Дриопитектер осыдан қанша жыл бұрын тіршілік еткен, қай жерлерде?

Ø Дриопитектердің бейімделуіне қарай неше топқа бөлінген?

Ø Аустралопитектерге сипаттама беріңдер? (құрылыс ерекшеліктері)

Ø Қай жылы, қай елде аустралопиктек әйелдің қаңқасы табылған?

Ø Ғалымдар маймылға ұқсас адамды кім деп атады?

Ø Шамамен неше млн жыл бұрын аустралопитектерге қарағанда адамға жақындай тұрған ататек өкілдері өмір сүрген? Оларды ғылымда кім деп атайды?

Ширату жаттығуы:

1. Адам эволюциясы неше кезеңнен тұрады?

2. Эволюция дегеніміз не?

3.Э волюция факторларының ерекшеліктері неде?

Топқа бөліну:

   1. «Ежелгі адамдар»

   2. «Ертедегі адамдар»

   3. «Қазіргі адамдар»

Жаңа сабақ

Адамның даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді:

Ежелгі адамдар (архантроптар) - 1 – 1,5 жыл бұрын өмір сүрген. Ява аралынан табылған

Ертедегі адамдар (палеоантроптар) - Неандертальдық адам осыдан 200-300 мың жыл бұрын

Еуропа, Африка, Азияның оң.өмір сүрген.  

Қазіргі адамдар (неоантроптар) - Кроманьондық адам осыдан 40 – 45 мың жыл бұрын

өмір сүрген. Сүйектері  Еуропа, Азия,

Африка, Қазақстанның да көптеген жерлерінен табылған.

 3 топ: кластер қорғайды.  

 І топ: Ежелгі адамдар шығу тегі құрылысы немен айналысады т.б.

 ІІ топ: Ертедегі адамдар шығу тегі құрылысы, немен айналысады т.б.

 ІІІ топ: Қазіргі адамдар шығу тегі құрылысы, немен айналысады т.б.

 Кесте толтыру

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А4 қағаз

 

Кесте

 

Оқулық

 

Суреттер

 

Қорытынды

 

 

8 мин

1. «Сиқырлы сандар»

Слайдта 1-6 дейін сандар тұрады. Әр санның астында сұрақ жасырылған. Әр топ мүшесі санды таңдап жауап береді

1. Адам эволюциясында қандай кезеңдер ажыратылады? 3 кезең (ежелгі, ертедегі, қазіргі)

2. Ежелгі адамдарға кімдер жатады? (Питекантроп, синантроп)

3. Ертедегі адамдар деп кімді айтады? (Неандертальдық адамдарды)

4. Осы заманғы алғашқы адам деп кімді айтады? Негізгі әсер етуші факторларды ата? (Кроманьондық адамды, әлеуметтік факторлар)

5. Адам эволюциясында биологиялық фактор қандай рөл атқарады? (Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік,тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу рөлін атқарады)

6. Адам эволюциясындағы әлеуметтік фактор қандай қызмет атқарады? (Еңбек, сөз, ойлау, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтарын қалыптасуы ж/е т.б рөл атқарады)

2.«Менен-сұрақ, сенен-жауап» топтар бір-біріне сұрақ қояды.

Рефлексия

3 мин.

«Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар бүгінгі сабақты пысықтайды.

Жасыл түс – сабақ түсінікті толық меңгердім

Сары түс-сабақтың кейбір бөлімдерін түсіну қиындық тудырды.

Қызыл түс-сабақта көп нәрселерді түсінбедім

«Басбармақ» әдісі бойынша оқушылар өздерін бағалайды.

Үй жұмысы:

56-параграфты оқу, эссе жазу «Адамды адам еткен еңбек»

Саралау

-деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білім сапасын анықтаймын, тапсырмалар жеңілінен күрделіге қарай ауысады

Бағалау

«Бағалау парағы» (топ басшыларының бағалауы)

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ соңында жиынтық бағалау жүргізіледі.

 

Пәнаралық байланыс

тарих, бейнелеу өнері

Дескрипторлар

1. Терминдермен жұмыс жасай аладыды;

2. Адам эволюциясының кезеңдерін,эволюциялық факторларды аттайды;

3. Саналы адамның ерекшеліктерін атайды;

4. Алған білімдерін өмірде қолдана алады

 Баллдар

1

1

1

1

Сабақтың рефлексиялық есебі

9-сынып оқушыларынабиология пәнінен «Адам эволюциясының кезеңдері» тақырыбында  сабақ өткіздім. Сабағымды деңгейлік курста өткен мұғалімдерінің дәрістерінде үйренген әдіс тәсілдерді қолдандым.Сабаққа мақсат қою арқылы сабақ жоспарын құрдым. Бастапқы мақсат барлық оқушыларға, екіншісі оқушылардың басым бөлігіне және үшінші мақсат кейбір оқушыларға,яғни дарынды оқушыларға арналған болды.

Оқушылардың сабаққа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттыру үшін сабақты жағымды атмосфералық  ахуалды  орнатудан бастадым, оқушылар шеңберге тұру арқылы, бір-біріне жақсы тілектер айтты.

Үй жұмысын «Ми көпірі» әдісі бойынша оқушылар өткен материалдарды қаншалықты мегергенін анықтау үшін  ашық сұрақтар қойдым.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлдім. 1,2,3 сандарын айтып, бір саны «Ежелгі адамдар», екі санындағылар «Ертедегі адамдар», үш санындағылар «Қазіргі адамдар» тобын құрады. Әр топ оқушылары өз аттарына кластер жасады. Екінші тапсырма кесте толтырды, үшінші тапсырма «Сиқырлы сандар» жаңа тақырыпты қанша меңгергенін тексеру үшін сандарды таңдап сол сандарда жасырылған сұрақтарға жауап берді.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\9А\20170406_102252.jpg  C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\9А\20170406_103938.jpg

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\9А\20170406_105209.jpg

«Менен сұрақ, сенен жауап» тапсырмасы бойынша әр топ келесі топтарға жаңа тақырып бойынша 2 сұрақ дайындады. Әр тапсырмадан кейін тыңдаған топтар сол топқа бағдаршам әдісі бойынша баға беріп отырды. Жасыл түс «өте жақсы», сары түс «жақсы», қызыл түс «мен түсінбеген сәттер көп болды».

Сабақ соңында оқушылар өздерін «Басбармақ әдісі» бойнша бағалады.

Бағалау түрлерін енгізген кезде оқушылар өздерін, жолдастарын, топтағы жұмысты, жеке жұмысты бағалау арқылы бағаның қаншалықты нақты екенін түсіне бастады. Алдындағы критерийлерге қарай отыра өз мүмкіндіктерін дамыту үшін бағыт бағдар алады.

Сабақта уақытты тиімді пайдаланып, жоспарланған жұмыстар толық  іске асырылды. Сабақтың қорытынды бөлімінде  оқушылардың  сұраққтарға жауап беруінен жаңа терминдердің анықтамасын білетінін,адам эволюциясының кезеңдерін атап, оларға әсер еткен факторларды дұрыс сипаттағанын,саналы адамның ерекшеліктерін атап,алған білімдеріне мысалдар келтіріп, өмірде қолданады алатындарын байқадым.Бұл сабақтан күтілетін нәтиже де осылар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз