Өлеңдер бөлімі

Сүйектердің байланысу типтері

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы
Шетпе селосы №7 мектеп-лицейі
ІІ санатты биология пәні мұғалімі Сайынова Әйгерім Қойшығұлқызы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Қозғалыс. Биофизика»

Күні:

Сынып: 8 А

Мектеп: «№7 мектеп – лицейі» ММ

Мұғалімнің аты-жөні: Сайынова Әйгерім Қойшығұлқызы

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Сүйектердің байланысу типтері

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

- Сүйектердің байланысу типтерінің түрлерін біліп түсінеді

- Сүйектің байланысу түрлерін ажыратып, сипаттама береді

- Сүйектердің байланысу типтерінің ерекшеліктерін тұжырымдайды

Бағалау критерийі

Сүйектердің байланыс түрлерін анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Сүйектердің байланысу типтері

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Қозғалмалы, қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, сүйек жігі, еңбек, үлкен еңбек, буын, буын беті, ойпаң, буын қабы, буынішілік байлам, буын сұйықтығы, гиалинді, буын саңылауы, буынның шығуы

Талқылауға арналған тармақтар: Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуының ..... түрлері бар.

Қозғалмайтын байланысу....

Қозғалмалы байланысу....

Жартылай қозғалмалы байланысу....

Буын мынандай элементтерден тұрады:.....

Құндылықтарға  баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пән аралық байланыс

Дене шынықтыру пәнінен сүйектің байланыс түрлеріне қарай жаттығуларды жасау. Жаратылыстану пәнінен адам қаңқасының құрылысы мен денелер қозғалысының себебін анықтау.

Алдыңғы білім

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыруды, адам қаңқасының құрылысы мен  химиялық құрамын, тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметін біледі

Сабақ   барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

15 мин

 

 

 

Оқушыларды ұйымдастыру. Оқу мақсатымен таныстыру.

 «Орманға саяхат» Тыныштандыру сәті.

Үй тапсырмасын  Миға шабуыл арқылы, Полиглот әдісі арқылы сұрау.

Топқа бөліну, топтық ережелерді бірігіп құру, топ басшысын сайлау.

Қаңқаға байланысты. Бейнебаян тамашалайды.

Презентация

 

 

 

 

 

Презентация

Сабақтың ортасы

(12 мин)

 

 

 

 

1.Топтық жұмыс. (4 мин)

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Постер қорғау.

1 – топ: Қаңқа сүйектерінің маңызы

2 – топ: Қозғалмайтын сүйектер

3 – топ: Жартылай қозғалатын

4 – топ: Қозғалмалы сүйектер топ.

 

 

 

Адам қаңқасы

 

 

 

 

Плакат, түрлі түсті маркерлер

 

2. 2.Суреттерді тауып, құрастыру. Сандарды сөйлетеміз. (4 мин)

(әр топ басшысы келіп, таңдап тапсырманы алады)

Суреттер.Сандар.

 

 

3. Кім жылдам? (4 мин)

1 – топ (Сүйектер тобы)

Сүйектердің макроскопиялық құрылысын жазу.

2 – топ  (Қоғалмайтын сүйектер тобы)

Сүйектердің макроскопиялық құрылысын жазу.

3 – топ. (Жартылай қозғалатын сүйектер тобы)

Сүйектің химиялық құрылысын жазу.

4 – топ. (Қозғалатын сүйектер тобы)

Бас бөлімінің сүйектері туралы толық жеткізу.

Түрлі түсті маркерлер, түрлі түсті қағаздар.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

(13 мин)

 

 

 

(С) «Зейінге шолу»

Тақтаға жаңа тақырыптың терминдері мен сөз тіркестері ілінеді: қозғалмалы, қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, сүйек жігі, еңбек, үлкен еңбек және т.б. Терминдерге анықтама беріліп болған соң тақтадан алынып тасталынады, оқушылар есте сақтау арқылы терминдерді  қайта орнына қойыңыз.

(С) Шындық/Жалған (True/False) әдісі бойынша оқушылар берілген сөйлемдерден шындық пен жалған ақпаратты анықтайды. Шындық болса екі қолын жоғарыға көтереді, жалған болса екі қолы бел тұсында оң жаққа иіледі, білмейтін ақпарат болса басын шайқайды. (3 мин)

1. Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуы 3 түрге бөлінеді T

2. Бір сүйектің шеті басқа сүйекке бірігіп кетеді. Бұл -  сүйек қабы F

3. Бас сүйектері мен жамбас сүйектері сүйек жігі арқылы байланысқан T

4. Жартылай қозғалатын байланысу – бұл шеміршек арқылы сүйектердің байланысуы T

5. 10 жұп жоғарғы қабырға төспен буын арқылы байланысады F

6. Нәрестенің бас сүйегінде 5еңбегі (родничок) болады. F

7. Маңдай және төбе сүйектері арасында үлкен еңбек орналасады. T

8. Аяқ-қол, бас сүйегі мен омыртқа жотасы, астыңғы жақ сүйек бастың басқа сүйектерімен қозғалмалы байланыс арқылы бірігеді. T

9.Буын қабы эпителий ұлпасынан түзілген. F

10. Буын байламы – сүйектерге бекитін тығыз талшықты ұлпа шоғыры T

(10 мин)

Кері байланыс:

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\hello_html_m6f83a7d.png

Терминдер жазылған қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикерлер таратылады

 

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау

1. Топтық, жұптық жұмыс формасы арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2. Саралау жұмысы тапсырманың мазмұны бойынша «Зейінге шолу» әдісімен жүргізіліп, оқушылар жеке ойлау дағдыларына сәйкес дәптерлеріне сүйектердің байланысу типтерінің түрлеріне, олардың орналасу реті мен ерекшеліктеріне қатысты берілген жаңа ұғымдардан естерінде сақтағанын ретімен жазады.

1. Постер қорғады. Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша.

2. Сандарды сөйлетті, суреттерді бейнелете білді.

3. Кім жылдам? Әдісі арқылы әр топ өзіне берілген тапсырманы орындады.

 

Шындық/Жалған (True/False) әдісі бойынша оқушылар берілген сөйлемдерден шындық пен жалған ақпаратты анықтайды. Шындық болса екі қолын жоғарыға көтереді, жалған болса екі қолы бел тұсында оң жаққа иіледі, білмейтін ақпарат болса басын шайқайды.

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау  дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

Жалпы бағалау:

 

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)? 

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 
Пайдаланылған әдебиеттер

1. 8-сыныпқа арналған биология оқулығы «Атамұра» баспасы, электронды нұсқа

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

4. Қалыптастырушы бағалау жинағы

3. Интернет көздері


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз