Өлең, жыр, ақындар

Тіршіліктің кәдімгі мәнісі оңбай

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1837
Тіршіліктің кәдімгі мәнісі оңбай,
Кейде адамның болады халы сондай:
Мен бір жаққа тартамын
Ол бір жаққа,
Атағыммен өзара келісе алмай.
Сүйемін мен,
Сүйемін өмірімді,
Ол да мені сүйеді қоңыр үнді.
Бірақ аспан астында ауа жетпей,
Тырналаймын мысықтай өңірімді.
Шығара алмай халыққа керек күйді,
Шыжғырдым-ау жүрек пен зерек миды.
Шара таппай,
Шайқалып шарасында
Шіркін көңіл тынымсыз өрекпиді.
Талай қайтып тағдырдан меселім де,
Көргем оның кесірін,
Кеселін де.
Шығып қалған қайраңға бала киттей
Дөңбекшимін түнімен төсегімде.
Бірде жанып,
Бірде өшіп өмір-маяк,
Қара терге түсемін ауырмай-ақ!
Шипа-дәрі ішемін удай ащы,
Шарап ішпей жүргенде бауырды аяп!
Сағат бойы сүйеніп қолға басың,
Түнересің осылай,
Толғанасың.
Мақтауынан өзгенің қандай пайда,
Өзіңе өз көңілің толмағасын?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есеп білмеген Есек

  • 0
  • 1

— Шығар, қарап тұрғанша,
Бір жердегі бір қанша?—
Деп Торы Айғыр берді есеп,
Шығара алмай тұрды Есек.

Толық

Достастырып орыс

  • 0
  • 0

Достастырып орыс,
Үнді,
Негрді,
Бейбіт. әуен әлдилейді өңірді.

Толық

Қуғыншылар

  • 0
  • 0

Жақын екен жылдарым қашық деген.
Жапырағын жан-жаққа шашыпты емен.
Қызықтардан бір кезде өзім қуған
Құтыла алмай бүгінде.

Толық

Қарап көріңіз