Өлең, жыр, ақындар

Жылқышы қыз

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1336
Сүйген қызым жылқышы, аты Жібек,
Ойлай-ойлай сол қызды кеттім жүдеп.
Көргенімше Жібекті тыным таппай,
Мазасынан айырылды қайран жүрек.

Қайырмасы:

Жібек қыздың ажары
Құлпырады жібектей,
Қара көздің жанары,
Жүргізе ме жүдетпей.

Қолхозымда қыз да көп қызыл гүлдей,
Мен де жүрмін әдейі көзіме ілмей.
Жібей түссе есіме елжіреймін,
Сүйетінін, сүймесін жүрмін бiлмей.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ахау, жар

  • 0
  • 0

Ендеше торы дөнен, торы дөнен,
Болады байдан кедей соры жеңген, ахау, жар.
Жел сөзді бес-алты ауыз аямаймын,
Осындай Құдай айдап кезім келген, ахау, жар.

Толық

Орамал

  • 0
  • 0

Орамалдың шетіне түйдім бидай,
Ақ қағаздың бетіне салдым шимай.
Ел жайлауға шыққанда
Біз қайтамыз сауықтап.

Толық

Әпитөк (2­ нұсқа)

  • 0
  • 0

Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,
Дидарласар күн туса есен-аман-ай, есен-аман.
Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,
Жететұғын тілекке болса заман-ай, болса заман.

Толық

Қарап көріңіз