Өлең, жыр, ақындар

Мұқа аға

Жүрегіне ән-жырды тұмар еткен,
Жырларына біздерді құмар еткен.
О,Мұқа аға жырларың жалындаған,
Қол жетпес биіктегі шынар ма екен.

Сендей жанға қай ақын тең келеді,
Халқым сені жұлдызға теңгереді.
Таңбаң қалды өшпестей қара өлеңде,
Айналғандай жырларың бар әлемге.

Жыр жолымен келемін өзің салған,
Күтіп жүрмін асылдай үміт алдан.
Жетелейді сағымдай асыл арман,
Саған деген пәк жырды жасыра алман.

Сен бүркіт болсаң аға,мен сұңқармын.
Көк жүзінде қанаттанып қалықтармын.
Сен тұлпар болсаң аға,мен құнанмын,
Жырмен желпіп биікке шарықтармын.

Сен айта алмай кеткен лағыл жырларды,
Сен айта кеткен жасын сырларды.
Әз жырыңмен жеткіземін халқыма,
Жарыса айтып ұрпағыңа алқына.

Сен шуақсың халқың үшін жаралған,
Сен бұлақсың мөлдір судан нәр алған.
Әттең аға жоқсың мына өмірде,
Жырың қалды жатталып әр көңілде.

Оқи да берем жалындаған жырларыңды,
Ұға да түсем айтылмаған сырларыңды.
Жөн көрсеткен жолыңмен іздеп барып,
Гүлін терсем Музаның қырларында.

Жауқазын жыр көкейімнен төгілер,
Қаз басқан әр қадамым білінер.
Демеп жібер алып аға жыр деммен,
Інжу-маржан жыр терейін ілігер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз