Өлең, жыр, ақындар

Жарықтың қараңғы тұсы

Жарқырап күліп,
Жадырап тұрып,
Жүрегім менің жылайды.
Адамға сеніп,
Жақсы боп келіп,
Адамдар сатып,
Адамға сенім болмайды.
Күшіңді тығып,
Биікке шығып,
Қайғыдан жаным құлайды.
Біреуге ғашық,
Жүрегім асық,
Сезімнен жаным тулайды.
Жассын ғой әлі,
Емессің кәрі,
Шаршайсын сен қазірден.
Істегің келмей,
Жалқаулық жеңбей,
Еңбекке көңіл болмайды.
Алдыңда мақсат,
Болсыншы жақсы ат,
Анаңның алтын баласы.
Дейтін сөздерге,
Ілінгің келсе,
Жалқаулық жаман,
Боласың надан,
Еңбек ет, жеміс жегенше.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз