Өлең, жыр, ақындар

Өмір сүрсем бұрынғыдан оттырақ.

Өмір сүрсем бұрынғыдан оттырақ.
Әлсін-әлсін түтейді бір шоқ шырақ.
Күннен-күнге салқындатқан көңілді
Жауабы жоқ көкейде тұр көп сұрақ.

Біз сүйікті пендесіміз Құдайдың.
Баянсыз бақ, тыныш өмір сұраймыз.
Құласақ та жалбарындық бас ұра -
Неге Құдай осыншама сынайсыз?

Тұрақтаймыз жалған дейтін бес күнді.
Аяуы жоқ ештеңені - ешкімді!
Қорқынышпен ұялаған жүрекке,
Әрқайсысымыз тылсым дейміз кескінді.

Бар болсаңыз - әділ қайда, ар қайда?
Орнамайма бақытты өмір әр қайда?
Сүргім келет нағыз өмір - жалғанда,
Жалған болса қадірі оның қалмай ма?

Құл емеспін, бірақ сенем барсың Сен!
Тым өзімшіл қандай ғана жансың Сен?
Құдіретің тасып тұрса тең бөліп,
Тілеулерін төгетұғын нарсың сен!

Таршылықтан қол жайғызар құлшылық.
Жолқшылықпен өтер өмір құлшынып.
Баршылыққа жете алмастан бар пенде,
Жалшы болып, кетіп жатыр күрсініп.
Ержан Қабышұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз