Өлең, жыр, ақындар

Сынауға тіптен құмар кім көрінген

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 2
  • 1
  • 26871
Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Айтса айтсын айыбымды бетке қарып,
Қайтемін қаламымды кекке малып.
Арам шөптің орнына гүлді қырқып,
Әйтеуір жүргенім жоқ кетпен алып.
Басымнаң кемшіліктер өткені анық,
Несіне өкпелеймін көпке налып.
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе, халық.
Шарам толы шаттығым, мұңымды айтпай,
Шау тартатын жәйім жоқ шетте қалып.
Өтсе,
Өтсін!
Басыма бақ бұйырмай.
Тіл кесілмей, тұрса екен жақ қиылмай.
Енді менің күнелтер жағдайым жоқ,
Шығыршықта айналған ақ тиындай.
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен,
Сынауға тіптен қүмар кім көрінген.
Бірақ та,
Білесің бе, ей, кім көрінген,
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген!!!



Пікірлер (1)

Аяжан

Өте керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Адалмын деп, араммын деп айта алман

  • 1
  • 4

Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.
Арамдықтын, кемесінде шайқалған,
Тектек болған тайыншадай ділгірдім.

Толық

Өлең керек

  • 1
  • 7

Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!

Толық

Алматының аспаны

  • 1
  • 9

Тал түсте,
Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей-кейде

Толық

Қарап көріңіз