Өлең, жыр, ақындар

Өзіңсіз күндер

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1644
Сағыныш отта жансақ та, күнім,
Телміріп үнсіз түндерім шекер.
Бал шақтар менен алшақтап бүгін
Өзіңсіз өтті күндерім бекер.
Көңілсіз күзде қайтарып көктем,
Кездесіп едік тағдырым жазып.
Келмейді неге айналып өткен?
Бар ма еді әлде менде бір жазық?
Бақшада бұлбұл бағымды тілеп,
Ән салды бірге шағала құрбым.
Жетсе деп желмен жағымды тілек,
Бір жүрген біздер жағада тұрмын.
Тек өзің жоқсың, дін-аман әлем,
Қосылу қиын ғашыққа неге?
Толқындар бимен құраған сәлем,
Көруге сені асыққан менен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңғыстауым

  • 0
  • 0

Туған жерім шақырып қоңырлардан
Талпынамын жандай бір бағы ашылған.
Онда әлемдік мейірім шоғырланған,
Онда менің сүйікті анашым бар.

Толық

Шақырасың қай жаққа?

  • 0
  • 0

Сырқат сезім суық жер жастанса да,
Елеңдемей үйіме қайта алмаймын.
Жыртығынан жанымның қан тамса да,
«Жек көрем» деп мен бірақ айта алмаймын.

Толық

Жүрегімде жазулы тұр есімің

  • 0
  • 0

Жүрегімде жазулы тұр есімің,
Күнәм болса, Аллам берсін кешірім.
Сол жағада сені күтіп жүрмін мен,
Айтшы, жаным,

Толық

Қарап көріңіз