Өлең, жыр, ақындар

Кешір мені, Алматы

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1133
Кешір мені, Алматы.
Кей шақтарда жаншылып жаным мүлде,
Тек мұңменен атқандай таңым күнде.
Егізімдей бауырды сағынғанда,
Теңізімді, ауылды сағынғанда
Өлеңіммен жеткізсем шағым елге.
Кей кештерде өмірден түңілгенде,
Келбетіме бар әлем үңілгендей.
Айдалада адасып анашымнан,
Шашым сипар табылмай жанашыр жан
Кешіккенде шабыт та күйім келмей.
Туған жерге қыз түгіл, шабақ та асық,
Өкініш пен өтініш сабақтасып,
Мен өзіңде өзімді өгей көріп,
Мінезімді мазасыз сөге беріп,
Жылағанда жаңбырмен қабаттасып.
Кешір мені, Алматы.
Сезім сатты, бөлді де таңғы ұйқымды.
Сенде тауып, жоғалтып мен күлкімді.
Жастығымды өткіздім елден жырақ
Өкпелеткен сен емес, пендең бірақ.
Кешір мені, Алматы, ең сүйкімді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірімді ойран етіп

  • 0
  • 0

Өмірімді ойран етіп,
Көңіліңнен сайран кетіп
Сені сүйгенім үшін,
Мені сүйгенің үшін

Толық

Кей сәттерде

  • 0
  • 0

Көңіл күйім күңгірттеу, қайтыңызшы,
Көздерімнен жан сырым сезілер тым.
Сіз қайтушы едіңіз, айтыңызшы,
Кей сәттерде бәрінен безінетін?!.

Толық

Алматы, кешір, таң мен кештерімді

  • 0
  • 0

Алматы, кешір, таң мен кештерімді,
Өткізген сенен жырақ.
Білмеймін, не істерімді?
Кеш күлген арманыма кеудем –тұрақ.

Толық

Қарап көріңіз