Өлең, жыр, ақындар

Қорқыт баба

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3426
Желмаясын желдіртіп,
Жері қалмай кезбеген.
Арып-ашып жең жыртып,
Жер ұйығын іздеген.
Қорқыт бабам зер құйған,
Сыр тыңдаймын іздерден.
Құлағымда дауысы,
Қобызының сарнаған.
Сырдың сұлу ағысы,
Күйден құшақ жазбаған.
Тербеткені жанымды,
Ботадай үн боздаған!
Жоқтағанда Аралын,
Күңіреніп кең далам.
Жаспен жуды жанарын,
Өксуменен Жер-Анам,
Тұла бойын жаза алмай,
Қажып қанды жарадан!
Шыдай алмай еңіреп,
Төкті жел де мұңды әнін.
Құлазыған төңірек,
Ізі қызыл жыланның
Жорғалаған көгіме
Уын cалып тұманның!
Көре тұра сұмдықты,
Үндемейін мен қалай.
Айтып бердім шындықты
Арды шаңға былғамай.
Қуат берші, О, Пірім!
Қорқыт баба! Таң арай!
Жас жанымды тулатып,
Келіп едім Абызым.
Сөйле десең, тіл қатып,
Бегалыдан жалғызбын.
Үміт артып өсірген,
Еліме көп қарызым.
Дауа іздеген халқыма,
Сенен қалған қобызбын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ізгі ісіңмен ұлысың

  • 0
  • 0

Арқалаған сан алғысын талайдың,
Сізді көрсек елестейді арай күн.
Атақ-даңқың гүрілдеген теңіздей,
Марқасқасы кіші жүзде Адайдың!

Толық

Есет баба

  • 0
  • 0

Ту көтеріп туған елдің төрінен,
Қас жауына қызыл өрт боп көрінген.
Қайран баба риза болып өзіңе,
Әділдіктің желкен құрып өрінен,

Толық

Көтібар батыр үні

  • 0
  • 0

Бодандықтың бұйдасына шаталып,
Көрдік ұлым адам көрмес қаталдық.
Өшпесін-деп, дінің,тілің ай-күнің,
Мәңгі майдан күресіне атандық!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар