Өлең, жыр, ақындар

О, Шәуілдір

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2158
О, Шәуілдір, Шәуілдір,
Көк аспаның көгілдір.
Шөл қыстаған кеудеме,
Жыр бұлағын төгілдір.
О, Шәуілдір, Шәуілдір.
Бөлек екен аспаның,
Тебіреніп жас жаным.
Бабалардың Рухынан,
Жырлар оқи бастадым.
Неткен ғажап дастаның!
Сонау Сайрам төсінен,
Сыр бойына көсілген.
Далам ұлы данадай,
Шежіремді көшірген
Кей парағы кесілген.
Үңіліп ем, жан бітіп,
Жусан исін аңқытып.
Шашу шашып әр төбең,
Елжіретті, балқытып
Өз ұлындай шалқытып.
О, Шәуілдір, Шәуілдір
Сен ұқсассың анама,
Қуат берші балаңа.
Кең Жылойдан келдім мен,
Тірек болған далама,
Арыстанбаптай бабама!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылпаз жырау Сүгірім

  • 0
  • 1

Ақ нұрына орап күн - айдың,
Өзі арнап берген Құдайдың.
Дауылпаз жырау Сүгірім,
Бұлағындай мөлдір қайнардың,

Толық

Есболай батыр баба үні

  • 0
  • 0

От құшағы мәңгі көктем жап-жасыл,
Туған ел ғой жанға жақын ең асыл.
Айрылған соң бірлігінен уыздай,
Азап кешті бейнет тартып сан ғасыр.

Толық

Бабалар салған жолменен

  • 0
  • 0

Уа, муза, ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені.
Жасынан жүрегі пәк өнер сүйген,
Талабы таудай ұлға ақ тілегі,

Толық

Қарап көріңіз