Өлең, жыр, ақындар

Исатай батыр

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4302
Сүйе білген ар ожданмен өз елін,
Ағатайдай әулиемнің көзі едің.
Аянбадың азаттықтың жолында,
Басқыншылар зорлығына төзбедің.
Алда жүрдің қас батырым қол бастап,
Ыза кектен шоқтай жанып өзегің.
Нажағай көзің от шашқандай жарқырап,
Қиратуға жау ордасын күмбезін!
Адамзатқа анасындай тым ыстық,
Сен қаладың бір-ақ жолды тыныштық.
Азап құрып, ақыл өмір сүруін,
Бейбіт күннің шуағына келісіп.
Сол мақсатта жасымадың талмадың,
Аспаныңды торласа да қалың бұлт.
Өз халқының айнып ата салтынан,
Хан дегенің болып шықты сатылған.
Абырой жоқ табанында орыстың,
Ар таптатып өз жолынан жаңылған.
Алды артына ойланбастан ор қазып,
Имандығы жоғалған соң жаны азып,
Әскер сұрап ақ патшаға жалынған,
Бағы тайып айырылардай тағынан!
Ақылы аздың болсын қайдан қайраты,
Өз елінің жерін қиып сый тартты.
Қара бастың қамын ойлап тойымсыз,
Ескерместен көлдей аққан көз жасты.
Бабалардың сырқыратып сүйегін,
Тілегендей қанды қырғын қасапты.
Емін еркін доңыздарды қаптатып,
Ресейден жеткізді сан жасақты.
Қатал тағдыр салды елді азапқа,
Зеңбірікті қару ілген солдатпа?!
Қарсы шықтың бас көтеріп сескенбей,
Әруағыңды ерлік шайқап сол шақта.
Жаудың қаны әрбір басқан ізіңмен,
Бірге ақты шашыраумен жан –жаққа!
Қиыл жатты өксік жұтып күрсініп,
Шошынғандай соғыс атты тозаққа!
Қайран батыр ақиқатты айта алған,
Құрсау тіліп жаудың бетін қайтарған.
Қан майданда айналғансың жұлдызға,
Сендей көсем туарма екен қайтадан?!
Ерлігіңді жазып алған төсіне,
Абыз далам күңіреніп айтады ән!
Ақ жаңбыры Оспан балаң жасыма,
Ата жұртын қажымаған жоқтаудан.
Көз алдымда сауыт киген боздақтар,
Соғыста өліп қылыштары сақталған!
Туған елсіз арманына кім жетпек,
Ол гүлдесе жұпарынан жетер леп.
Мәңүртеніп білмегендер қадірін,
Құр жер басып дүниеден өтер тек.
Имандықта тіршіліктің тірегі,
Қасиетің жастайынан жұқсын-деп,
Келіп тұрмын киелі Кең Жылойдан,
Ақ желкенім, немеремді жетектеп.
О, жан баба, жыр дұғамды қабыл ал,
Ұрпағыңды әруағыңменен жүр желеп.
Топырағыңа аунап тағы алайын,
Баба жолын жалғау бізге зор міндет!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Фаризасы қазақтың

  • 0
  • 0

Жыр қанжары найзағайды боратып,
Тайсалмастан әділетсіздерге оқ атып.
Масыл болып айықпаған дертінен,
Қалғығандарды селк еткізіп оятып.

Толық

Бөкен би

  • 0
  • 0

Еліме төгіп шуақтан,
Даналықпен сыр айтқан.
Сырымдай асыл сұңқарды,
Ақ бата беріп самғатқан.

Толық

Аралбай ақын баба үні

  • 0
  • 0

Қуат берген желегіне жап жасыл,
Жинақталған өн бойына бар асыл.
Құдірет бар үндерінде бабаңның,
Балдан қалған сарқыттайын сан ғасыр.

Толық

Қарап көріңіз