Қайран жүрек...

Кешегіден бүгін
күнім сүреңсіз
Қирап жатқан
қиялдарым жүгенсіз
Күңіреніп күл боп
жатқан секілді
Мен жүрген жер
бағыты жоқ түлен түз...

"Шыда"-дейді,
үндемей-ақ ақылым.
Төзім шіркін,
күте алмайды-ау, ақырын...
Тулап-тулап,
тулақ болған жүрегім
Тұл болады-ау,
жаза алмастан тақымын...
Шынар Кендін.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)