Өлең, жыр, ақындар

Жарас Мерген

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1314
Жасынан ерлікпенен болған жолдас,
Баласы Пұсырманның атың Жарас.
Нағашың Есек Мерген Адай ердей,
Ел қорғап айбыны асқан болат алмас.
Ізіңнен ерліктерің сыр шертеді,
Жеткендей ғасырлардан бізге жалғас.
Қабақтың қырық үйін жалғыз оқпен,
Асырап қуат беріп қанат талмас,
Істеген қалың жұртқа ерлігіңді,
Иманын серік қылған ел ұмытпас!
Ақиқат жолдарында даңқың басым,
Алғандай Тәңірімнің ақ батасын.
Болмыстың қатал заңын тәрік қылып,
Жаңарған ойларымдай қайта жалқын.
Байғанин топырағынан тіл қатасың,
Ескерттіп әдеп толы ата салтын.
Әулие әруақты батыр баба,
Қорғаған дем біткенше ұлы халқын!
Қан майдан қасиетті жорықтарда,
Аңсаған азаттықты жүзі жарқын!
Жарқырап ғарыштардан төккен жарық,
Жаныңда ер Бақтыбай ұран салып.
Жаңғыртып кең даламның таумен тасын,
Қуантып туған елдің кәрі жасын.
Аямай сәулелі нұр шұғыласын,
Аймалап туған жердің әрбір тасын,
Ғажайып тылсым күшпен жеткізгендей,
Жасампаз ерліктердің нар тұлғасын!
Біз үшін өткен жолдың бәрі де анық,
Қашанда ата даңқы төгер жарық.
Жете алған қайсарлықпен тауды жарып.
Парыз ғой жалғай білу жолдарыңды,
Бас иіп тұрғандаймыз қолыңды алып.
Азаттық, туысқандық, теңдік жәйлі,
Халқыңа тұрғандайсың сыр ақтарып.
Қайталап ерлік толы дауысыңды,
Жыр жаздым келешекке үміт артып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара шүңгіл әулие ата үні

  • 0
  • 0

Әсем сазын туған жерге арнаған,
Кел, кел бермен жақындашы жан балам.
Осы жерден өтіп сансыз керуен,
Азияңды Евразияменен жалғаған.

Толық

Азаттық жаршысы

  • 0
  • 0

Менің елім босана алмай құрсаудан,
Дем жұтқанда құлдық соры у шаңнан.
Әшкерелеп зұлымдығын патшаның,
Өзің едің жан дауыспен жар салған.

Толық

Заманбек

  • 0
  • 0

Даналардың ұлағатын ұғып кеңдікпен,
Сіресіп қалған сеңдерді бұзып өрлікпен.
Алты Алашты шақырған қайта ерлікке,
Ер еді ол аянбастан тер төккен.

Толық

Қарап көріңіз