Өлең, жыр, ақындар

Алаш ұраны

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4625
(Дүйсенбі Әріпұлына)

Біз қазақ жасампаз елі бар,
Ер Түрік тегінен таралған.
Алаш боп киелі ұраны,
Азаттық таңы үшін тау жарған.
Кең пейіл бауырмал халықпыз,
Тәңірдің нұрынан нәр алған.
Шыңдалып сұрапыл сан сында,
Із салған ғасырдан ғасырға.
Жалыны ертеңге ұласып,
Қол созған шыңдардан асуға.
Арманы ең асқақ халықпыз,
Жаралған жеңістер жасауға!
Елімнің бейбіт күн тілегі,
Ислам мәңгі өшпес тірегі.
Күн қыран көк туы астында,
Бөгелмей бөрідей ерлері,
Кектенсе от жаны алаулап,
Айналар жасынға көктегі.
Елдігі, ерлігі жыр аңыз,
Бабадан бұзылмай қалған із.
Қастерлеп өр даңқын жырлаумен,
Жаңғыртып жолдарын жалғаймыз.
Ақтауға үмітін,сенімін,
Анадан ер болып туғанбыз.
Қанында ойнаған өжеттік,
Қазақпыз, қазақ боп ержеттік.
Тәңірдің соғылған, таңбасын,
Ешкімде бұза алмас өзгертіп.
Ел үшін жасаймыз ерліктер,
Ар туын жоғары көтеріп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмтылмас Мұқағали Мақатаев

  • 0
  • 0

Тірліктің ұлан байтақ әлемінде,
Ой тастап ақыл ойдың тереңіне.
Шындықты шырқай біліп өр дауыспен,
Тебірентіп бас идірген өнеріне.

Толық

Абыл ақын

  • 0
  • 0

Сүйекем сапар шекті сексен бесте,
Сәскеде қалды аға жатып төсте.
Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді,
Ажалға ол да көнді салған іске.

Толық

Абай бабам

  • 0
  • 0

Абай бабам! Киелі пірім менің,
Адамзатқа нұр төккен күнім бе едің?!
Шуағыңды ала бұлт тұмшаласа
Боз торғайдай мұз кешкен дірілдедім.

Толық

Қарап көріңіз