Өлең, жыр, ақындар

Жаналы әулие баба үні

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1160
О, ұрпағым, үмітті аппақ таңым,
Өн бойында ып-ыстық аққан қаным.
Сенде менің – Алаш деп ұрандаған
Ең әдемі әуезді асқақ әнім!
Үніменен тіл қатқан ғасырлардың,
Сенде ұрпақ өшпейтін асыл нәрім.
Намыс құлы-қанатты ерліктерді,
Тарту қылдық сол үшін асылдарым.
Іждєт қылып имандық намазына,
Бас иместен тағдырдың азабына,
Шексіз-шетсіз далаңды қорғай білдік,
Ұрпақ саған қалсын –деп, мол қазына.
Арпалыстық ел үшін қан ағылды,
Соңғы тыныс біткенше қырағы үнді.
Өшірместен аялап алып келдік
Тіл мен дінің – қос жарық шырағыңды.
Өн бойына сыйдырған Ай мен күнді,
Шежірелі ой шертер ойлы үнді.
Ғасырларға тамырын терең жайған,
Алып келдік өлең жыр байлығыңды.,
Осында ежелгі жыр сырлы аңыздар,
Жоғалтпас қайнар көзің айдыныңды.
Аунап ал топырағына Ақ Мешіттің,
Серпісін кеудеңдегі уайым мұңды.
Ата жол қасиетін ұмытпастан,
Қор болмас бабасының даңқын ұққан,
Осында туып өскен Бекет бабаң,
Өзімнен ақ бата алып жолға шыққан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоғабайы қазақтың

  • 0
  • 0

Бабаларға ұқсас жарқын жүздері,
Ағалар бар аңыз болған іздері.
Ізгілікті істерімен елді ойлап,
Жетелеген өрге тартып біздерді.

Толық

Әбілқайыр хан

  • 0
  • 0

О, Муза Тәңір берген қыз бөбегім,
Бабамның ерлік даңқы іздегенің.
Міне біз хан молаға жеттік бүгін,
Бір жұтып қоңыр салқын күздің лебін.

Толық

Ахмет Байтұрсынов

  • 0
  • 0

Ана тілім өлмеуі үшін қансырап,
От жаныңды мазалаумен сан сұрақ.
Қамын ойлап түнек басқан халқымның,
Көзін ашып, бола білдің шамшырақ.

Толық

Қарап көріңіз