Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынов

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2600
Ана тілім өлмеуі үшін қансырап,
От жаныңды мазалаумен сан сұрақ.
Қамын ойлап түнек басқан халқымның,
Көзін ашып, бола білдің шамшырақ.
Шырылдатып бозтарғайдай зар жақты,
Қызыл жылан арбағанда ұрпақты.
Қасіретке тас лақтырдың тістеніп
Қыл бұраумен сүйретсе де абақты!
Қанат беріп сан мертіккен арманға,
Құтқардың сен әл таусылып қалғанда.
Қарамастан әр ізіңді күзеткен,
Жандарымдар, темір қақпас торларға.
Жоғалтпауға ұлттық ыстық қанымды,
Құрбандыққа қиып шыбын жаныңды.
Қанат қылып елдің үнін ашынған,
Сен іздедің алда туар таңымды!
Жаныштауға өткір жүзін алмастың,
Сібір айдап қорласа да албастың.
Өшпесін –деп, ана тілім өр үнді,
Ең соңғы дем біткенінше айқастың.
Күл шашса да азғындықпен қас жауың,
Өзің аршып көзін мөлдір бастаудың.
Тілмен,дінім әдеп толы ғылым- деп,
Қамал болдың Алатаудай асқағым!
Мұра қылып ұрпағыңа, кейінге,
Даналықтың дәнін сеуіп зейінге.
Ұлттық намыс құдіретін ұқтырдың,
Онсыз болмас сүйген Отан, үйім де.
Қайран данам! Сусындайтын бұлағым.
Шырағысың өзі берген Алланың,.
Асыл халқым жүрегіне сақтаған,
Сенің үнің – менің жалын ұраным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазыбек би

  • 0
  • 0

Өн бойыңда қырағылық,
Бұлақ ашып таңнан тұрып.
Елді ағартып талмай үміт,
Ата дәстүр таңдай ғұрып

Толық

Құлшан әулие ата үні

  • 0
  • 0

Ұлы сырын ұқтыратын ғаламның,
Кәусар бұлақ іздерінде бабаңның.
Ішкен сайын мейір қанып толғанар,
Тарихыңды ізде содан ұланым!

Толық

Ақын үні

  • 0
  • 0

Мен өзіңнің кішкентай лағың едім,
Асыл әже, басыңа тағы келдім.
От кеудемде ұлы арман бұлқынады,
Ақтасам деп үмітін қалың елдің.

Толық

Қарап көріңіз