Өлең, жыр, ақындар

Журналист болам мен ертең

Алла берсін тілекті,
Тыңдап көрдім жүректі
Журналист болам мен ертең!
Жаны жылы тілі епті.

Бұқара мен биліктің,
Көпіріне айналам.
Бәрі маған таңырқап,
Қызу еңбек қайнаған.

Жаксы ісін жақсының,
Сүйіншілеп таратам.
Жақсыларды жалқауға,
Үлгі етіп қаратам.

Оятамын халықтың,
Рухын, ойын, санасын!
Алдын алып қауіптің,
Іздеп табам жарасын.

Ана тілін қорғаймын,
Қорғасындай салмақты.
Туған тілсіз оңбаймын,
Бабам тілім ардақты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз